Қазақстанның туристік орындарында Жаңа жылда ауа райы қандай болады

Үлкен Алматы көлі Фото @Shutterstock

Алда жаңажылдық мерекелер мен көптен күткен демалыс. Біреу мерекені үйде, туыстарымен бірге атап өтеді, біреу шаңғы тебуге барады, біреу қала сыртында табиғат пен қысқы ойын-сауықтан ләззат алады. 2021 жылдың 30 және 31 желтоқсанында Қазақстанның туристік аудандарында ауа райы қандай болатыны Kaz.tengritravel.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алда жаңажылдық мерекелер мен көптен күткен демалыс. Біреу мерекені үйде, туыстарымен бірге атап өтеді, біреу шаңғы тебуге барады, біреу қала сыртында табиғат пен қысқы ойын-сауықтан ләззат алады. 2021 жылдың 30 және 31 желтоқсанында Қазақстанның туристік аудандарында ауа райы қандай болатыны Kaz.tengritravel.kz материалында.

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында туристер арасында танымал пункттер бойынша ауа райы болжамы көрсетілетін жаңа парақша ашылды. Мұнда Қазақстанның сегіз облысында: Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және Маңғыстау облыстарында таяудағы 168 сағатқа (7 күн) арналған нақты болжамды көруге болады.

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың айтуынша, нақты болжамды сайттағы "туристік бағыттар пункттері бойынша ауа райы болжамы" бөлімінен алдағы жеті күнге көруге болады.

Реклама
Реклама

"Ең дәл болжам - жеті күнге дейін, өйткені циклон осы кезеңнен аспайды. Бұл жүз пайызға жуық болжам", - дейді ол.

Алматы облысы

2021 жылдың 30 желтоқсанындағы болжамға сәйкес Шымбұлақта ауа райы жылы болады, жаңбыр және көшпелі бұлт шығады деп күтілуде. Бірақ 31 желтоқсанда түнде қар түсуі ықтимал.

Медеу де 31-і күні плюс температурамен бірге жауын-шашын болады және 31 желтоқсанға қараған түні қар жауады деп күтілуде.

Үлкен Алматы көліндегі ауа райы екі күн (30 және 31 желтоқсан) керемет болады: 6-дан 16 градусқа дейін нөлден төмен және күні бойы қар жауады.

Көлсайға барғысы келетіндер 30 желтоқсанда, шамамен күндіз 12-ден үшке дейін көлде жаңбыр жауатынын білуі керек. 31-і күні-қар жауады.

Қапшағай мен Текелі қалаларында да жаңбыр, ауа температурасы плюс және қар жауады деп күтілуде. Ал Мыңжылқы мен Шарында ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт болады.

Ақмола облысы

Ақмола облысындағы Бурабай курортына келетін болсақ, 30 желтоқсанда синоптиктер күні бойы қар жауып, ауа температурасы -19...-27 градус болады деп уәде береді. Желдің екпіні секундына бес метрге жетеді.

Зерендіде Бурабайға қарағанда екі градус жылы болады. Термометрдің белгісі 19-дан 25 градусқа дейін өзгереді. Жауын-шашын қар түрінде күтіледі, желдің екпіні секундына жеті метрге жетеді.

Ақмола облысының Қорғалжын ауылында қатты аяз болады. - 28-31 градус нөлден төмен және күні бойы қар жауады. Жел секундына төрт метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында салыстырмалы түрде ауа райы жылы болады. -14 градус нөлден төмен, қар жауып, секундына 7 метрге дейін жел соғады. 31 желтоқсанда аяз 21 градусқа дейін күшейеді, қар тоқтамайды.

Қатонда да осындай ауа райы күтіледі. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сүйікті демалыс орны - Бұқтырмада ауа райы жағымды болады: -8-10 градус нөлден төмен, жел секундына төрт метрге жетіп, 30 желтоқсанда күні бойы қар жауады.

Павлодар облысы

Баянауыл ұлттық паркінің аумағындағы Жасыбай көлінде ауа температурасы 15 градус нөлден төмен болады, секундына екі метр екпіні бар аздаған жел және 30 желтоқсан күні және 31-і түнде қар жауады деп күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістанда ауа температурасы - 1-3 градус, күннің бірінші жартысында (12.00 - ден 15.00-ге дейін) жаңбыр жауады, ал аздаған жел секундына 3 метрге жетеді деп күтілуде.

Шымкентте екі күн бойы күн күркіреп, жаңбыр жауады. Термометрдегі белгі нөлден 5 градусқа дейін көтеріледі, ал жел секундына 3 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысы

Жаңа жыл күндері Каспий теңізінің жағасына Ақтау қаласына кеткісі келетіндер де жылы ауа райына қуанады: 1-5 градус нөлден жоғары, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына жеті метр болады.

"Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, бүкіл Қазақстан бойынша 340 метеостанция бар, кәсіпорын оларды сайтта көрсету үшін туристік бағыттар тізіміне және басқа да елді мекендерді енгізе алады.

Ал сіз қандай туристік жерлердің ауа райын білгіңіз келеді?

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная