Қазақстанның Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын көлікпен қалай өтуге болады

© pixabay.com

Мамырдағы мереке күндері қаладан немесе тіпті елден демалысқа шығып кетуге себеп бола алады. Осылайша, көптеген қазақстандық демалыс күндерін көрші мемлекеттерде өткізуді жөн көреді. Әсіресе, мемлекеттік шекараға жақын орналасқан қалалардың тұрғындары мереке күндеріне сондай жоспар құрады. Тек карантин шектеулеріне байланысты көбі шекарадан көлікпен өте алатынына сенімді емес. Кaz.tengritravel.kz тілшісі қазақстандықтар Ресеймен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шекарадан қалай өте алатынын және ол үшін қандай құжаттар қажет екенін білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мамырдағы мереке күндері қаладан немесе тіпті елден демалысқа шығып кетуге себеп бола алады. Осылайша, көптеген қазақстандық демалыс күндерін көрші мемлекеттерде өткізуді жөн көреді. Әсіресе, мемлекеттік шекараға жақын орналасқан қалалардың тұрғындары мереке күндеріне сондай жоспар құрады. Тек карантин шектеулеріне байланысты көбі шекарадан көлікпен өте алатынына сенімді емес. Кaz.tengritravel.kz тілшісі қазақстандықтар Ресеймен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шекарадан қалай өте алатынын және ол үшін қандай құжаттар қажет екенін білді.

Қазақстан азаматтарына еліміздің құрлық шекарасынан өтуге ақпан айынан бастап ресми түрде рұқсат етілді. Тек қазақстандық елге оралған соң қайта шетелге құрлық арқылы шығу үшін 30 тәулік күту керек. Бұл туралы толығырақ мына сілтемеден білуге болады.

Реклама
Реклама

Шекарадан өз көлігіңізбен де өте аласыз. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжаттар, жүргізуші куәлігі және көліктің техникалық парпорты қажет. Сонымен қатар ПТР талдауының теріс нәтижесі болуы керек.

Төменде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан шекараларын құрлық арқылы кесіп өту кезіндегі негізгі талаптар, сондай-ақ осы мемлекеттерде қалу мерзімі көрсетілген. Айта кетейік, бұл елдерге барған қазақстандықтарға міндетті карантиннен өту қажет емес.

Ресей

ҚР Шекара қызметінің мәліметінше, Ресеймен шекарадан өту үшін қазақстандықтардан жүргізуші куәлігі мен техпаспорт талап етіледі, ПТР-тестінің теріс нәтижесі 72 сағат ішінде жарамды. РФ-ның Қазақстандағы елшілігіндегілер азаматтардың бәрі жасына қарамастан ПТР-тест тапсыру керегін ескертті.

ҚР Шекара қызметіндегілер қазақстандықтар Ресеймен шекарадан қандай бекеттер арқылы өте алатынын айтты:

Атырау облысы - " Құрманғазы"

Батыс Қазақстан облысы - "Тасқала", "Сырым", "Ақсай", " Жәнібек"

Ақтөбе облысы - "Әлімбет", " Жайсаң"

Қостанай облысы - "Желқуар", "Аят", "Обаған", " Қайрақ"

Солтүстік Қазақстан облысы - "Бидайық"," Жаңа Жол", " Қарақоға"

Павлодар облысы - "Үрлітөбе", "Қосақ", "Шарбақты", " Амангелді"

Шығыс Қазақстан облысы - "Ауыл", "Өбе".

Қалған Бақылау-өткізу пункті ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен уақытша жабылды. Жабық бақылау-өткізу пунктерінің тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Ресей Федерациясының аумағына құрлық шекарасы арқылы өту үшін маңызды себеп болуы керек екенін есте сақтаңыз. Мысалы: отбасымен қауышу, ата-анасының балаларына, балаларының ата-анасына баруы, Ресейде емделу, жақын туыстарын жерлеу секілді себеп болуы керек.

Қазақстандықтар Ресей аумағында 30 тәулікке дейін тіркеусіз қала алады. Егер Қазақстан азаматы Ресейде ресми түрде жұмысқа орналасса, онда оның елде қалу мерзімі жұмыс берушімен жасалған еңбек шартының мерзіміне тең болады.


© Shutterstock

Қырғызстан

Қырғыз Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің деректері бойынша, мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақстандық учаскесінде жеті автомобиль өткізу пункті жұмыс істейді:

Жамбыл облысы - "Ақ Жол - автожол"," Ақ тілек - автожол"," Шалдыбар - автожол", "Чон-Қапка - автожол"

Алматы облысы - "Қарқыра - автожол" ("Кеген")

* "Токмок - автожол" - тек азаматтар мен көлік құралдары үшін (өткізу пункті арқылы жүктер мен тауарларды тасымалдау жүзеге асырылмайды),
** "Кен-Булун - автожол" - Қырғызстаннан Қазақстанға тек бос (жолаушылар мен жүксіз) жүк көліктері үшін.

Қырғызстан аумағына автокөлікпен кіру үшін жергілікті деректер базасына енгізуге жүргізуші куәлігі мен техпаспорт талап етіледі.

Қырғызстан МҰҚК баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, қазақстандықтар елге шектеусіз және 30 тәулікке тіркеусіз келе алады, бірақ міндетті түрде 72 сағат бойы жарамды ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы анықтама болуы керек (балаларға жеті жастан бастап).


© Shutterstock

Өзбекстан

Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулдығының мәліметінше, Қазақстан азаматтары үшін шекарадан өтуге шектеу жоқ, визасыз режим бекітілген. Тек Өзбекстан аумағында жеті күнге дейін тіркеусіз қалуға болады.

Шекарадан өту үшін мынадай өткізу пункттері жұмыс істейді:

Түркістан облысы - "Жібек Жолы", "Б. Қонысбаев", "Қапланбек", "Қазығұрт", "Атамекен"

Маңғыстау облысы - "Тәжен"

Туристен шетелдік төлқұжат, техпаспорт, жүргізуші куәлігі, 72 сағаттан аспайтын уақыт ішінде алынған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама талап етіледі. Сондай-ақ, өткізу пунктінде турист жедел тест тапсыруға мәжбүр болады (балалар екі жастан бастап).

Саяхатшы Тимур Артюхиннің айтуынша, шекарадан көлікпен өту үш сағатқа созылған. Тек ол Қазақстанның өткізу пунктінен кедергісіз өткен.

"Шекарада адамдар бір-бірімен жағаласып, аралары тым жақын тұрды. Төрт кезектің қайсысы қай жерде басталып, қай жерде аяқталатынын түсіну қиын. Сіз бірден барлық жерде тұруыңыз мүмкін және еш жерде болмай қалуыңыз ықтимал. Бұдан әрі әдеттегі шекаралық рәсімдер - декларация, көліктің терезесін қараңғылатқаны үшін салынатын салық 159 000 сум (6 572 теңге), дөңгелектерді жууға арналған төлем 5 000 сум (206 теңге), көлікті, интроскоп арқылы заттарды өте мұқият тексеру және төлқұжатқа мөр қою. Қоршау ашылады және сіз күн шуақты Өзбекстанда боласыз", - дейді саяхатшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тимур Артюхин (@timur_artyukhin)

Сондай-ақ Тимур көлікті сақтандыруды ұсынады. Мұны Өзбекстанға кірген кезде жасауға болады. Бағасы - 1 033 теңге.


© Shutterstock

Айта кетейік, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанға оралған кезде туристерге (оның ішінде балаларға бес жастан бастап) қолында 72 сағаттан ерте емес ПТР-анықтамасы болуы қажет екенін ескертеді.

Еске салайық, 4 ақпаннан бастап Қазақстан құрлық жолымен шетелге шығатын тұлғалар үшін белгілі бір жеңілдіктер енгізді. Шекарадан өту мәселелері бойынша қазақстандықтардан 8 (7172) 719-111 анықтама қызметінің нөміріне хабарласуды сұрайды, сондай-ақ Шекара қызметінің Instagram-аккаунтына хабарлама жазуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная