Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі ақпанда мемлекеттік шекараны бұзған 2,5 мыңнан аса адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі 2024 жылғы ақпанында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 2 559 ҚР заңнамаларын бұзғаны үшін ұсталғанын хабарлады.
Соның ішінде:
Реклама
Реклама
- 24 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
- 17 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, оның ішінде:
- 54 факт – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 келіден жоғары;
- 20 факт – ату қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана ату және 140 дана суық қаруы, 32 дана оқ-дәрі);
- 63 факт – діни әдебиет (3 078 дана);
- 330 факт – жалпы сомасы 8 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (38 101 литр);
- халықтық тұтыну тауарлары – 429 факт, жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеден астам;
- шетел валютасы – 100 факт, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам.
Каспий акваториясында 18 браконьерлік деректердің алды алынды, сондай-ақ:
- 9,5 шақырым торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- 109 дана (454 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
- 39 дана (93 келі) таза тұқымдас балықтар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!