Қазақстанның ең үлкен көлдері аталды

© pixabay.com/PublicDomainPictures

Қазақстанда алуан түрлі табиғи байлық бар. Соның ішінде сұлулығына көз тоймас көлдеріміздің жөні бөлек. Олардың әрқайсысы көлемімен, әсемдігімен, еліміздің экономикасы мен экожүйесі үшін маңызымен ерекшеленеді. Tengritravel.kz порталы мен Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметімен бірге еліміздегі ең үлкен бес көл туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда алуан түрлі табиғи байлық бар. Соның ішінде сұлулығына көз тоймас көлдеріміздің жөні бөлек. Олардың әрқайсысы көлемімен, әсемдігімен, еліміздің экономикасы мен экожүйесі үшін маңызымен ерекшеленеді. Tengritravel.kz порталы мен Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметімен бірге еліміздегі ең үлкен бес көл туралы баяндайды.

Зайсан көлі

Аумағы - 1830 шаршы шақырым

Реклама
Реклама

Фото: depositphotos.com

Еліміздің шығысында орналасқан Зайсан көлі біздің тізімде бесінші орынға орналасты. Көл 420 метр биіктікте, ұзындығы 105 км, ені 22-48 км, максималды тереңдігі 15 метр.

"Ертістегі Бұқтырма ГЭС құрылысына дейінгі көлдің ауданы 1830 шаршы шақырым болады. Көлге Қытайдан бастау алатын Қара Ертіс құйып, Ертіс өзені ағып шығады. Зайсанға құятын өзендер таулы аймақтардан бастау алғандықтан, көл суы қармен және жаңбырмен толады. Зайсанда балықтың 20-дан аса түрі, ал, төңірегінде әртүрлі жабайы аңдар мекендейді", - дейді ведомство өкілдері.

Арал теңізі

Аумағы - 2850 шаршы шақырым (Солтүстік Арал).

Фото: depositphotos.com

"Арал - ағынсыз тұзды көл. 1960 жылы Арал теңізі шамамен 68 мың шаршы шақырым ауданды алып жатқан әлемдегі ең ірі төртінші көл болды. ХХ ғасырдың 1960 жылдарынан бастап көлге құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінен суару мақсатында қарқынды түрде су алу салдарынан сарқыла бастады. 1989 жылы Арал екі оқшауланған су қоймасына - Солтүстік (кіші) және Оңтүстік (үлкен) Арал теңізіне бөлінді", - дейді мамандар.

Алакөл көлі

Аумағы - 2980 шаршы шақырым.

Фото: depositphotos.com

"Алакөл Балқаш-Алакөл ойпатының шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 343 метр биіктікте орналасқан. Ауданы шамамен 2890 шаршы шақырым. Алакөлдің суы ежелден өзінің емдік қасиеттерімен танымал. Оның құрамында йодтан басқа, Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі.

Атауына сәйкес, Алакөл бір күнде түсін бірнеше рет өзгертеді. Жел соқса - сұр, күн шықса - көк, ал жауын жауса - қызғылт түске айналады. Көлге Қатынсу, Үржар, Жаманөткел, Емелқұйса, Жаманты және Ырғайты өзендері құяды. Бірақ, көлден су ағып шықпайды, сондықтан, ол ағынсыз болып саналады", - дейді министрлік өкілдері.

Балқаш көлі

Аумағы - 18 583,1 шаршы шақырым.

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда көлемі бойынша екінші орында - еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан Балқаш көлі. 18583,1 шаршы шақырым аумақты алып жатқан көл әлемдегі ең үлкен көлдер тізімінде 14-ші орында. Балқаш көлінің ерекшелігі жарты бөлігі тұзды, ал келесі жартысы тұщы.

Көлге ағатын судың негізі Іле өзенінен келетін болғандықтан батыс бөлігінің суы тұщы, түсі сарғылт-сары, лайлы. Ал, шығыс бөлігінің суы тұздылау, түсі көгілдір, ашық көк. Балқашта 40-тан аса арал бар", - дейді мамандар.

Каспий теңізі

Аумағы - 390 мың шаршы шақырым.

Фото: depositphotos.com

Каспий - Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ең үлкен көл саналады.

"Жер шарындағы мұхитпен байланыспайтын ең үлкен ішкі су айдыны. Суы - тұзды. Ауданы шамамен 390,000 шаршы шақырым және максималды тереңдігі 1025 метр. Әлемдегі барлық көл суының 40-44 пайыз Каспий теңізіне тиесілі. Оның жағалауында бес мемлекет: Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан орналасқан. Каспий теңізіне 130 - дан аса өзен құяды, олардың ішіндегі ең ірісі - Еділ", - деп түйіндеді олар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная