Қазақстанның 20 әуежайынан қандай рейстер қолжетімді

Алматы, фото ©Shutterstock

Қазақстанда 22 жолаушылар әуежайы бар және соның екеуі ғана коронавирус пандемиясынан кейін ашылмады. Kaz.tengritravel.kz порталы қазір қандай әуежайлар жұмыс істеп тұрғанын және әлемнің қай қаласына ұшуға болатынын айтып береді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 22 жолаушылар әуежайы бар және соның екеуі ғана коронавирус пандемиясынан кейін ашылмады. Kaz.tengritravel.kz порталы қазір қандай әуежайлар жұмыс істеп тұрғанын және әлемнің қай қаласына ұшуға болатынын айтып береді. 

Қазір Қазақстан халықаралық әуетасымалын қайта ашып жатыр. Саяхатшылар үшін 51 маршрут бойынша аптасына 227 рейс қолжетімді. 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері көбейді, ал қазанда Мальдивке ұшуға болады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) мәліметінше, коронавирус пандемиясынан кейін Өскемен және Үржар әуежайларынан басқа, еліміздің барлық әуежайы тұрақты жолаушылар әуетасымалдарын қайта бастады. Аталған екі әуежай ұшу-қону жолақтарын реконструкциялауға жабық тұр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Өскемен әуежайының жұмысы 1 қазанда қайта басталады. Осы жерден Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыға ұшуға болады.

Біз қазір Қазақстанның барлық әуежайында қандай рейстер бар екенін толығырақ айтып береміз. Ақпарат әуежайлар мен ИИДМ ресми сайттарының деректеріне негізделген.

Нұр-Сұлтан

Қазір бұл жерден Қазақстанның 16 қаласына - Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан, Орал, Шымкент қалаларына ұшуға болады.

Халықаралық ұшулар келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Ыстамбұл, Анталия (Түркия), Дубай, (БАӘ), Шарм-эль-Шейх (Мысыр), Лондон (Ұлыбритания), Ташкент (Өзбекстан), Мәскеу (Ресей), Кутаиси (Грузия), Минск (Беларусь), Киев (Украина), Франкфурт-на-Майне (Германия), Подгорица (Черногория), Варшава (Польша), Будапешт (Венгрия). 31 қазаннан бастап бұл тізімге кем дегенде Абу-Даби қосылады.

Алматы

Бұл қаладан қазір Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Зайсан, Павлодар, Семей, Түркістан, Орал, Шымкент қалаларына ұшуға болады.

Осы жерден шетелге Мәскеу (Ресей), Сеул (Оңтүстік Корея), Ыстамбұл және Анталия (Түркия), Шарм-Эль-Шейх (Мысыр), Дубай, Шаржу (БАӘ), Франкфурт-на-Майне (Германия), Бішкек және Ош (Қырғызстан), Ташкент және Самарқан (Өзбекстан), Подгорицу (Черногория), Тбилиси және Батуми (Грузия), Киев (Украина), Душанбе (Тәжікстан), Минск (Беларусь), Бішкекке (Қырғызстан) рейстер ашық. 9 қазаннан бастап рейс Мала (Мальдив), 31 қазаннан бастап Абу-Даби (БАӘ), ал 19 қарашадан бастап Дохаға (Катар) болады.

Түркістан

Бұл жерден Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Павлодар, Орал, сондай-ақ Ташкент (Өзбекстан), Бішкек (Қырғызстан) және Ыстамбұл (Түркия) қалаларына ұшуға болады.

Фото ©Shutterstock

Шымкент

Шымкенттен Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Қостанай, Семей, Орал, Ақтөбе, сондай-ақ Анталия (Түркия) және Кутаиси (Грузия) қалаларына ұшуға болады.

Ақтау

Қазір әуежайдан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Орал, Шымкент, Түркістан қалаларына тұрақты рейстер орындалуда. Осы жерден шетелге Нукус пен Ургенчке (Өзбекстан), Ереванға (Армения), Кутаиси мен Тбилисиге (Грузия), Ыстамбұл мен Анталияға (Түркия), Мәскеуге (Ресей) ұшуға болады.

Ақтөбе

Қазір Ақтөбеден Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент, Түркістан, Өзбекстанның Нүкісіне және түрік Ыстамбұлына ұшуға болады. Сонымен қатар, чартерлер осы жерден Анталияға (Түркия) және Шарм-эль-Шейхке (Мысыр) ұшады.

Тараз

Қазір бұл жерден тұрақты рейс республиканың астанасы - Нұр-Сұлтанға ғана жасалады.

Атырау

Осы жерден Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Түркістан, сондай-ақ Кутаиси (Грузия), Амстердам (Нидерланды) рейстері орындалады.

Фото ©Shutterstock

Орал

Осы жерден қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Шымкент, Түркістан және Майндағы Франкфурт қалаларына ұшуға болады.

Қарағанды

Қазір Қарағандыдан Алматыға, Жезқазғанға, Түркістанға, Шымкентке, Семейге (қазаннан оның орнына Өскеменнен) ұшуға болады.

Көкшетау

Бұл қаладан Алматы, Түркістан және Ақтау қалаларына ұшуға болады.

 Бурабай, Көкшетау. Фото ©Shutterstock

Қостанай

Қазір Қостанайдан Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан және Шымкент қалаларына ұшуға болады.

Қызылорда

Бүгінде Қызылордадан тек Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшуға болады, бірақ коронавирус пандемиясына дейін қалалардың тізімі әлдеқайда көп болған.

Семей

Бүгінде Семейдің әуе қақпалары Абай Құнанбаевтың есімімен аталады және халықаралық әуежай мәртебесіне ие. Осы жерден Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Зайсан, Шымкент, Түркістанға ұшуға болады.

Петропавл

Қазір Петропавлдан Нұр-Сұлтанға рейстер жиі ұшады.

Павлодар

Коронавирус пандемиясынан кейін Павлодар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістанмен әуе қатынасын қайта бастады.

Жезқазған

Қазір осы жерден Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыға ұшуға болады.

Балқаш

Балқаштан Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшуға болады.

Талдықорған

Қазір Нұр-Сұлтан мен Түркістанға тұрақты жолаушылар рейстері орындалып жатыр.

Зайсан

Зайсаннан қазір екі бағытта - Алматы мен Семейге рейстер орындалады.

ИИДМ мәліметінше, ведомство халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

21 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне сәйкес 20 елмен рейстер аптасына 228 рейс жиілігімен 52 маршрут бойынша жаңартылды.

"Халықаралық сарапшылардың бағалауына сәйкес, COVID-19 жағдайынан кейін халықаралық рейстерді қалпына келтіру 2024 жылдан ерте болмайды, соның салдарынан алыс магистральды әуе кемелерін сатып алу және алыс магистральды маршруттарды ашу жөніндегі жоспарларды әуекомпаниялар белгісіз мерзімге ауыстырылды және азаматтық авиация саласы толық қалпына келтірілгеннен кейін қаралатын болады", - деп хабарлады ИИДМ.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная