Тунис. @Shutterstock Тунис. @Shutterstock

Қазақстаннан Туниске әуе рейстерін ашу ұсынылды


Тунис билігі Қазақстанмен тікелей әуе рейсін ашуды ұсынды. Бұл туралы Қазақстан туристік қауымдастығы директорының орынбасары Анар Шаймуханова мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ұсыныс Қазақстан туристік қауымдастығы өкілдері және Тунис Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Тарак Бен Салем, сондай-ақ Тунис Республикасының Ресей мен ТМД елдеріндегі туризм және қолөнер министрлігінің өкілі Нежи Гуидермен кездесуінде айтылды.

"Тунис тарапы Қазақстаннан туристерді тартуға мүдделі. Тунисте ЖІӨ-нің 16 пайызы туризм болып саналады. Атап айтқанда, олар біздің ВИП-туристерді тартқысы келеді. 2018 жылы мұндай тәжірибе болды. Белгілі туристік компаниялардың бірі Туниске 500-ге жуық қазақстандық туристі сәтті жеткізді. Алайда, әуе билеттері қымбат болғандықтан, бұл жаппай туризмге әкелген жоқ. Сондықтан қазір SCAT әуекомпаниясымен елдер арасында тұрақты тікелей рейстерді іске қосу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп бөлісті Анар Шаймуханова.

SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі Туниске рейстерді іске қосу жоспары бар екені туралы ақпаратты растады. Алайда, толығырақ мәлімет әлі ұсынылған жоқ.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Алматы облысының жеткілікті бағаланбаған 10 көрікті жері Алматы облысының жеткілікті бағаланбаған 10 көрікті жері
Мұнай үшін құрғатпақ болған әлемдегі ең үлкен көл. Каспий жайлы қызық деректер Мұнай үшін құрғатпақ болған әлемдегі ең үлкен көл. Каспий жайлы қызық деректер
Қазақстанның туризмді дамыту жоспары қандай екені айтылды Қазақстанның туризмді дамыту жоспары қандай екені айтылды