Қазақстаннан Самарқанға рейстер тоқтатылды

Самарқандағы әуежай 20 қазаннан 17 қарашаға дейін жабылады. Сол себепті "Эйр Астана" осы бағыттағы рейстерді тоқтатады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Эйр Астанада" Самарқанға рейстерді қалай қайта брондау керегі айтылды.

Жолаушылар мыналарды таңдай алады:

  • ұстап қалусыз қайтару;
  • call.centre@airastana.com арқылы Самарқаннан/Самарқанға қайта брондау;
  • call.centre@airastana.com арқылы Ташкенттен/Ташкентке қайта брондау Ташкент - Самарқан / Самарқан - Ташкент учаскесі үшін шығыстар қамтылмайды.

Осыған ұқсас мәлімдемені бұрын Uzbekistan Airways те жасады. Әуекомпанияның Самарқанға және одан қайтатын барлық рейсі уақытша тоқтатылады.

Алматы - Самарқан әуе рейсі 2020 жылдың 8 маусымында іске қосылды. Ол сейсенбі және сенбі күндері орындалды.

Айта кетейік, Самарқанда 2022 жылы өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне дайындық аясында жаңа аэродром кешенінің құрылысы жалғасып жатыр.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!