08 қыркүйек 2021 09:15

Қазақстаннан Ресейге тағы бір тікелей рейс ашылады

© pixabay.com

22 қыркүйектен бастап Ақтөбе - Қазан бағытында жаңа рейс ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 қыркүйектен бастап Ақтөбе - Қазан бағытында жаңа рейс ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе мен Қазан арасындағы әуебайланысты Qazaq Air әуе компаниясы аптасына 1 рейспен орындайтын болады. Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссия шешімдеріне және Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

"31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) кезекті отырысына Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер санын ұлғайту мәселесі шығарылды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!


Читайте также
Реклама
Реклама