Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

Үргенш, Өзбекстан Фото ©Shutterstock

Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа халықаралық әуе рейсі шілденің соңында іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа халықаралық әуе рейсі шілденің соңында іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесуі барысында 29 шілдеден бастап Ақтөбе - Нүкіс бағыты бойынша аптасына екі рет жиілікпен әуе қатынасын ашу туралы уағдаласқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта елдер арасында аптасына 32 рейс орындалып жүр.

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінінің бұған дейінгі мәлімдемесіне сәйкес, қазір Өзбекстанға "Эйр Астана", SCAT, FlyArystan және Uzbekistan Airways әуекомпаниялары Нұр-Сұлтан - Ташкент, Алматы - Ташкент, Ақтау - Үргенш, Алматы - Самарқан бағыттары бойынша рейстерді жүзеге асырады. Сондай-ақ, Түркістан - Ташкент рейсі іске қосылды.

Маусымда Uzbekistan Airways әуекомпаниясы Ақтау - Нүкіс бағыты бойынша Қазақстаннан Өзбекстанға тағы бір әуе рейсін іске қосатыны белгілі болған. Билет құны 1 093 000 сумнан (шамамен 44 мың теңге), Нукус - Ақтау - Нукус бағыты бойынша - 1 869 000 сумнан (шамамен 75 мың теңге) басталады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная