Қазақстаннан Мысырға рейстер қайта ашылады

Қазақстаннан Мысырға рейстер қайта ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе рейстері қайта ашылады.

Наурыздың басынан Қазақстанның "Эйр Астана", Fly Arystan және SCAT әуекомпаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-Шейхке ұша бастайды.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпанияларының сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалады. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!