Қазақстаннан Мальдив аралдарына рейстер саны артуы мүмкін

@pixabay.com

Қазақстан мен Мальдив Республикасының авиациялық билігі тараптарға тұрақты рейстерді көбірек орындауға рұқсат етілген келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Мальдив Республикасының авиациялық билігі тараптарға тұрақты рейстерді көбірек орындауға рұқсат етілген келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бұған дейін елдер арасында құқықтық базаның болмауына байланысты тек чартерлік рейстер орындалған.

Реклама
Реклама

Енді құжатқа қол қойылды, оған сәйкес әр тарап үшін аптасына 7 тұрақты рейс жасауға рұқсат етіледі.

Қазақстаннан Мальдив аралдарына тікелей рейстер 2020 жылдың қараша айында іске қосылды. Бұл жолға кететін уақытты екі есеге азайтып, Малені қолжетімді бағытқа айналдырды.

Пандемия кезінде аралдар қазақстандықтар арасында ең танымал бағыттардың біріне айналды. Мәселен, 2021 жылдың қаңтарында Мальдив аралдарындағы туристік ағын көлемі бойынша Қазақстан Ресейден (20 973 турист), Үндістаннан (19 135 турист) және Украинадан (7 210 турист) кейін 4 434 туриспен төртінші орынға ие болды.

2022 жылғы мамырда Қазақстан мен Мальдив Республикасының үкіметтері визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды, бұл екі елдің азаматтарына басқа елдің аумағына 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге кіруге және болуға мүмкіндік береді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная