Қазақстаннан Қытайға тағы бір рейс тамызда ашылады

Чэнду, фото @Pixabay

Нұр-Сұлтан әуежайынан тамызда Чэндуға (Қытай) ұшуға болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі астаналық әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әуежайынан тамызда Чэндуға (Қытай) ұшуға болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі астаналық әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 тамыздан бастап Air China әуекомпаниясы Чэнду - Нұр-Сұлтан рейсін ашады. Ол жексенбі күндері Airbus 320 ұшағымен орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 45 минутты құрайды.

Реклама
Реклама

Чэнду - Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы. Саяхатшылар көбінесе провинцияның көптеген табиғи және техногендік активтеріне жету үшін оны бастапқы және негізгі нүкте ретінде пайдаланады. Айтпақшы, дәл осы жерде ақ панда өсіру және қорғау үшін ерекше қорық бар, өйткені бұл қала осы жануарлардың отаны болып саналады.

Еске салайық, қазіргі уақытта Чэндуға Алматыдан ұшуға болады. Air Astana рейсін аптасына екі рет жүзеге асырады. Сонымен қатар, аптасына бір рет China Southern Airlines Алматыдан Үрімшіге ұшады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная