Қазақстаннан Қытайға қандай әуе рейстері жаңартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан Қытайға екі әуе рейсі орындалатын болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Қазақстаннан Қытайға екі әуе рейсі орындалатын болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Air Astana қазақстандық әуекомпания 2020 жылдан бері алғаш рет осы жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы – Чэнду бағыты бойынша жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Сондай-ақ, 2022 жылдың 7 шілдесінен бастап жұма күндері қосымша рейс қосылады. Рейстер Boeing-767 және А321 NEO типті әуекемелерінде орындалатын болады.

ҚХР тарапынан China Southern Airlines қытайлық әуекомпания осы жылдың 1 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы – Үрімші бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін жаңартуды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing-737 және Boeing-787 әуекемелерінде орындалатын болады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуеқатынасын қалпына келтіру екі достас ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізуге жоспарланған 14 күндік визасыз режимді толық пайдалануға ықпал етеді.

Ұшуларды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға және әуекомпаниялар сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындау жоспарланғанын атап өткен жөн.
Билеттер әуекомпаниялардың ресми сайттарында қолжетімді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel