Қазақстаннан Кипрге тікелей рейстер ашылады

© pixabay.com/dimitrisvetsikas1969

2024 жылғы 25 наурызда екі елдің авиациялық биліктері дайындаған әуе қатынасы мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2024 жылғы 25 наурызда екі елдің авиациялық биліктері дайындаған әуе қатынасы мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.А. Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбос мырзамен ресми кездесті.

"Өзара түсіністік туралы меморандум әр тараптың тағайындалған тасымалдаушылары аптасына 7 рейске дейін орындау құқығын көздейді. Сондай-ақ, әр тараптан тасымалдаушылардың бірнеше тағайындалуы қарастырылған.

Меморандумға сәйкес қазақстандық әуе компаниялары Кипр Республикасы аумағындағы – Ларнака және Пафос қалаларына, Кипр әуе компаниялары Қазақстан Республикасының аумағындағы - Астана және Алматы қалаларына тасымалдауды орындауға құқылы", - делінген Көлік министрлігі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою екі ел арасындағы экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная