Қазақстаннан Канадаға тікелей рейс: не белгілі?

Қазақстан мен Канада арасындағы тікелей әуе қатынасына қатысты мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Канада арасындағы тікелей әуе қатынасына қатысты мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Көлік министрі Мұрат Қарабаевтың Монреальға (Канада) сапары аясында Канада Көлік министрінің орынбасары Арун Тангараджбен кездесу өткізілгені хабарланды.

"Канада Көлік министрлігінің басшылығымен Қазақстан мен Канада арасында тікелей әуе қатынасын іске қосудың құқықтық негізін белгілеу туралы келісімге қол жеткізілді", – делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар автожолдар салу бойынша тәжірибені зерделеу үшін қазақстандық жолшылардың Канадаға сапарын ұйымдастыру туралы келісті.

Сондай-ақ, DeHavilland және Bombardier әуе кемелерін шығаратын канадалық компаниялардың басшылығымен шағын авиацияны дамыту мәселелерін талқылау бойынша кездесулер өткізілгені нақтыланды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама