Қазақстаннан Грекияға аптасына 6 рейс орындалады

2022 жылдың 1 маусымынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Грекияның Ираклионына Қазақстанның екі қаласынан рейстер орындауды бастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтан Ираклионға рейстер аптасына үш рет - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері жүзеге асырылады. Ал Алматыдан Ираклионға - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері А321NEO типті әуекемесінде орындалады.

"Жаңа әуе маршруттарының ашылуы екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі елдің шығу және келу туризмін табысты дамытуға ықпал ететін болады", - делінген ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Грекияға сапар шегу үшін қазақстандықтарға грек Шенген визасын алу талап етіледі. Сонымен қатар, жолаушылар болжамды келу уақытынан 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе болжамды келу уақытынан 24 сағат бұрын жасалған жедел коронавирус сынағын ұсынуы керек. Бұл талап бес жасқа дейінгі балаларға және толық вакцина алған жолаушыларға қолданылмайды. Жолаушылар ұшып келгенде коронавирус анықтайтын тест іріктеліп алынуы мүмкін.

Бұған дейін 2022 жылдың 1 маусымынан бастап отандық әуекомпания Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ираклионға тікелей рейстер орындайтыны хабарланған болатын.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!