Қазақстаннан Беларуске жаңа әуе рейсін ашу ұсынылды

Минск - Қостанай - Минск бағыты бойынша Қазақстаннан Беларусь еліне жаңа әуе рейсін ашу ұсынылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Belta.by мәліметінше, екі елдің авиациялық ведомстволары өкілдерінің кездесуінде Минск - Нұр-Сұлтан - Минск бағыты бойынша рейстерді жаңарту және олардың жиілігін аптасына төрттен жетіге дейін арттыру ұсынылды. Минск - Алматы - Минск бағытындағы екі рейстің орнына аптасына төрт рет, ал Минск - Қостанай - Минск рейстерін аптасына екі рет орындау ұсынылды. Екі ел арасындағы тұрақты рейстерді біртіндеп қалпына келтіру жалғасады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер Беларуске жаңа әуе рейсін ашу және рейстерді ұлғайту туралы мәселе әлі пысықталып жатқанын, сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның шешімі әлі шығарылмағанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан Беларуске ұшатын рейстердің санын аптасына а төрттен алтыға дейін арттыруға рұқсат етілгені белгілі болды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!