Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 6 мамырдағы шешіміне сәйкес, Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерді ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мынадай рейстер орындалады:
Черногория
2021 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 5 рейс жиілігімен Алматы – Подгорица – Алматы және Қазақстан тарапы үшін аптасына 3 рейс жиілігімен Нұр-Сұлтан – Подгорица – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейстерінің ашылуы.
Біріккен Араб Әмірліктері
2021 жылдың 10 мамырынан бастап Алматы – Дубаи – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстер санын әрбір тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр – Сұлтан – Дубаи – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша әрбір тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайту.
Қырғызстан
2021 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 7 рейс жиілігімен Алматы – Тамчы – Алматы бағыты бойынша Қырғызстанмен жолаушылар рейстерінің ашылуы.
Өзбекстан
2021 жылдың 15 мамырынан бастап әрбір тарап үшін аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Самарқанд – Алматы бағыты бойынша Өзбекстанмен жолаушылар рейстерінің ашылуы.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 20 мамырынан бастап Нидерланды тарапынан шектеулер алынуына қарай, "Эйр Астана" АҚ-ның Атырау – Франкфурт – Атырау бағыты бойынша рейстерді аптасына 1 рейс жиілігімен Атырау – Амстердам – Атырау бағыты бойынша рейстерге кезең-кезеңімен ауыстыруға рұқсат етілді.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.