Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс: мән-жайы айтылды

Фото:depositphotos.com

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашуға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашуға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазақстандық делегация министр Жаслан Мәдиевтің басшылығымен Сиэтлде Boeing компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Сапар барысында делегация Boeing ұшақтарын құрастыру өндіріс процесімен танысқан.

"Кездесуде қазақстандық әуекомпанияларға ұшақтар жеткізу мәселелері талқыланып, Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс үшін алғашқы Dreamliner ұшағын жеткізу 2025 жылдың соңына жоспарланғаны расталды. Бұл оқиға Қазақстанның әуе паркін нығайтуға және елдегі әуе тасымалының деңгейін арттыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Boeing делегацияны компанияда жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация процесімен таныстырған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная