Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстің іске қосылуы туралы жаңа мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей рейсті бастау жоспарланған. Рейстер аптасына кемінде 2 рет орындалады деп күтіледі.
"Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы тікелей рейстерді іске қосу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға келісті және әуе кемелерін уақтылы жеткізу және слотты алу мәселелерін талқылады", - делінген хабарламада.
Монреальдағы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен АҚШ федералды авиациялық әкімшілігі (FAA) арасында екі ел арасындағы авиациялық байланыс үшін жаңа перспективалар ашатын негізгі келіссөздер өтті.
Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Биыл 26-30 тамыз аралығында Астанада FAA өкілдері ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау (IASA) бойынша жұмысты бастады, бұл Қазақстанның 1-санатты (CAT1) алуы үшін қажетті қадам. Бұл мәртебе барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді және екі ел арасындағы толыққанды тікелей әуе қатынасы үшін жол ашады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!