Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері қашан ашылатыны айтылды

© pixabay.com/betexion

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тілегенов Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейстер қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тілегенов Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейстер қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстандық алғашқы авиациялық диалог форумы кезінде журналистер сұрағына жауап бере отырып, Тілегенов қазіргі таңда келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады. Ол АҚШ тарабы рейсті ашуға өте қатаң талап қойып отырғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Қазақстаннан АҚШ-қа тәкелей рейс алдағы екі жылда ашылады. Қазіргі таңда АҚШ-тың әуе билігімен келіссөз жүріп жатыр. Дүйсенбіде видеоконференция байланысы арқылы елішілкпен әуе қатынасын орнату бойынша мәселелер талқыланды. АҚШ айтарлықтай қатаң әрі жоғары талаптар қойып отыр. Біз бұл рейстерді 2025 жылдары ашуды жоспарлап отырмыз", - деді Тимур Тілегенов.

Еске салайық, 2022 жылы желтоқсанда Индустрия және инфрақұрылым министрлігі Air Astana әуе компаниясы 2025 жылдың бірінші жартысында жеткізілетін үш дана Б-787-9 Dreamliner ұшағын алу бойынша келісімшартқа отырғанын мәлімдеген.

Осылайша, тікелей рейстер барлық процедуралар орындалғаннан кейін ашылмақ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная