Қазақстаннан АҚШ-қа рейстер: Нұр-Сұлтан әуежайының америкалық стандарттарға сәйкестігі тексерілді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

АҚШ көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің сарапшылары елордалық әуежайдың тексеру пунктерінің жай-күйін және олардың америкалық стандарттарға сәйкестігін бағалады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің сарапшылары елордалық әуежайдың тексеру пунктерінің жай-күйін және олардың америкалық стандарттарға сәйкестігін бағалады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3-4 тамызда АҚШ көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) сарапшылары тексеру пунктерінің жай-күйіне және олардың америкалық стандарттарға сәйкестігіне алдын ала бағалау жүргізу мақсатында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне (ААК) және елорда әуежайына барды.

Сапар барысында сарапшылардың назары Нұр-Сұлтан әуежайының жолаушыларды, қол жүгін, жүктерді тексеру пунктеріне, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктеріне аударылды. Олар АҚШ-қа тікелей рейстерді жүзеге асыру кезінде тексеру пунктерінің жағдайы мен жабдықталуын бағалады.

Реклама
Реклама

Астана әуежайы тексеру пунктері мен бақылау-өткізу пунктерінің жағдайына оң баға берді. Тексеру пунктерінде авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналының үйлесімді жұмысы атап өтілді.

АҚШ-қа рейстерге қызмет көрсететін жекелеген тексеру пунктері үшін - жолаушыларды үш өлшемді сканерлеу жабдықтары (дене сканерлері) және жарылғыш детекторлар сияқты заманауи техникалық тексеру құралдарымен жабдықтау бойынша ұсыныстар берілді. Тексеру пунктері арқылы жолаушылар ағынының өтуін жеделдету мақсатында кейбір пунктерді эргономикалық қайта орналастыру және жолаушыларды тексеру үшін дене-сканерлерді пайдалану ұсынылды.

Сонымен қатар, АҚШ елшілігі жанындағы Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының өкілдері тексеру инспекторларын TSA стандарттары бойынша оқыту және жоғарыда аталған бағдарлама есебінен тексеру жабдықтарын ақысыз сатып алу мәселелерін қарастырып жатыр.

Бұл - TSA сарапшыларының екінші сапары екен. Алғашқы сапар 2021 жылдың қазанында өтті, сол кезде TSA сарапшылары елдегі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоғары деңгейін атап, азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша қабылданған шараларға оң баға берді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная