Қазақстанға ұшып келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды

Иллюстрациялық фото: look.com.ua

2021 жылғы 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ және Беларусь Республикасынан 12 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылғы 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ және Беларусь Республикасынан 12 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

1 453 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 217 адам, анықтамасыз 236 қазақстандық келді.

Реклама
Реклама

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 7 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 624; анықтамасыз - 64; Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 740 жолаушы, анықтамамен - 568, анықтамасыз - 172; Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

2021 жылдың 28 қаңтарында анықтамасыз келген 433 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Дубай - Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Шарм-эль-Шейх - Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная