Қазақстанға ұшып келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды

2021 жылғы 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ және Беларусь Республикасынан 12 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

1 453 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 217 адам, анықтамасыз 236 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 7 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 624; анықтамасыз - 64;
  • Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 740 жолаушы, анықтамамен - 568, анықтамасыз - 172;
  • Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

2021 жылдың 28 қаңтарында анықтамасыз келген 433 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Дубай - Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Шарм-эль-Шейх - Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!