Қазақстанға шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Фото © Тұрар Қазанғапов

2021 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан Республикасының Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 375 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 843 адам, анықтамасыз 532 ҚР азаматтары келді.

Реклама
Реклама

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 184 жолаушы, анықтамамен - 1 018, анықтамасыз - 166;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 191 жолаушы, анықтамамен - 825; анықтамасыз - 366.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарларында нәтижесін күтіп отыр.

2021 жылдың 2 қаңтарында анықтамасыз келген барлық жолаушының - ҚР 254 азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама