Қазақстанға 481 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келген

Әуе жолаушыларының 82 пайыздан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 2 734 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 253 адам, анықтамасыз 481 адам - ҚР азаматтары келді", - делінген ведомствоның хабарламада.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 639 жолаушы, анықтамамен - 1 402, анықтамасыз - 237;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 059 жолаушы, анықтамамен - 815; анықтамасыз - 244;

Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 30 жолаушы анықтамамен келген.

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 12 желтоқсанында анықтамасыз келген 243 адамның ПТР сынамалары теріс нәтиже көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!