Қазақстандықтарға цифрлық жеке куәлікпен ұшуға рұқсат етілді

© pixabay

Енді Қазақстан аумағында цифрлық жеке куәлікпен саяхаттауға болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Енді Қазақстан аумағында цифрлық жеке куәлікпен саяхаттауға болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Air Astana әуекомпаниясының мәліметінше, 2022 жылдың 14 сәуірінен бастап жолаушылар рейстерге eGov mobile, Kaspi.kz және Homebank.kz қосымшалары арқылы тіркеле алады. Олар цифрлық жеке куәлікті тіркеу аймағында және Қазақстан аумағында барлық әуежайларда ұшаққа отырғызу кезінде пайдалана алады. 

Электронды құжаттармен қатар бұрынғыша жеке куәлік пен туу туралы куәліктің түпнұсқасын да көрсетуге болады. 

Реклама
Реклама

"Бұл электронды құжаттарды пайдаланудағы алғашқы тәжірибе. Мұндай қадам жолаушылардың саяхаттауын ыңғайлы етеді және осы жоба дами келе әуежайлардағы барлық шара жеңілдей түседі", - деді жердегі қызмет көрсетуді дамыту менеджері Данияр Құрманалин. 

Айта кетейік, осыған дейін цифрлық жеке куәлікті пайдалану қызметі 2021 жылы 5 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әуежайларында іске қосылған еді. Қазақстан бойынша бұл сервисті күніне 20-ға жуық жолаушы қолданатын болған. Жалпы жоба қарқынды қолданысқа түсті, алдағы 3-4 жылда бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгеретіні анық. 

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная