Қазақстандықтарға тағы бір елмен визасыз режим қолжетімді бола алады

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим мәселесі премьер-министр Әлихан Смайыловтың Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесуінде қаралды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов қазақстандық азаматтарға Вьетнамға визасыз кіру мүмкіндігін беру мәселесін көтерді, бұл екі ел арасындағы сауда және туризмді дамытуға оң әсер етеді.

Во Тхи Ань Суан Вьетнамның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне үлкен маңыз беретінін атап өтті.

"Екі ел арасындағы сенімді саяси диалог өзара әріптестікті одан әрі кеңейтуге негіз болып отыр. Географиялық жағынан тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстан әлемдегі ірі нарықтарды біріктіреді. Біз өзара тиімді бағыттарда бірлесіп жұмыс істеу үшін нақты ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз", - деді Во Тхи Ань Суан.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.