Қазақстандықтарға қандай халықаралық әуе рейстері қолжетімді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан әлеммен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіруді жалғастырып жатыр. Қазір елімізде аптасына 51 бағыт бойынша 227 рейс қолжетімді. Бұл ретте 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасында әуерейстер саны артады, ал қазанда Мальдивке рейстер ұшады. Tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қазақстандықтар үшін елдің әуе айлақтарынан қолжетімді халықаралық рейстердің тізімін ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан әлеммен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіруді жалғастырып жатыр. Қазір елімізде аптасына 51 бағыт бойынша 227 рейс қолжетімді. Бұл ретте 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасында әуерейстер саны артады, ал қазанда Мальдивке рейстер ұшады. Tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қазақстандықтар үшін елдің әуе айлақтарынан қолжетімді халықаралық рейстердің тізімін ұсынады.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық әуе рейстері 20 елге орындалады: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Украина, Ресей, Грузия, Армения, Түркия, БАӘ, Мысыр, Катар, Германия, Польша, Черногория, Венгрия, Ұлыбритания, Нидерланды, Мальдив және Оңтүстік Корея.

Айта кетейік, бұл елдердің бәріне рейстер туристік визамен қолжетімді емес.

Реклама
Реклама

Төменде рейстердің жиілігі, сондай-ақ оларды қандай тасымалдаушылар жүзеге асыратыны туралы ақпарат берілген:

Түркия - аптасына 58 рейс ("Эйр Астана", FlyArystan, SCAT - 30 рейс; Turkish Airlines, Pegasus, Corendon - 28 рейс):

Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл (екі рейс); Алматы - Ыстамбұл (алты рейс); Шымкент - Ыстамбұл (екі рейс); Түркістан - Ыстамбұл (төрт рейс); Ақтау - Ыстамбұл (төрт рейс); Ақтөбе - Ыстамбұл (екі рейс); Нұр-Сұлтан/Алматы/Шымкент/Ақтау/Қарағанды - Анталья/Бодрум (38 рейс).


Ыстамбұл, Түркия. Фото ©Shutterstock

Өзбекстан - аптасына 36 рейс ("Эйр Астана" - 12 рейс; SCAT - бес рейс; FlyArystan - екі рейс; Uzbekistan Airways-17 рейс):

Нұр-Сұлтан - Ташкент (алты рейс); Алматы - Ташкент (14 рейс); Ақтау - Үргенч (төрт рейс); Алматы - Самарқан (төрт рейс); Түркістан - Ташкент (екі рейс); Ақтау - Нүкіс (екі рейс); Ақтөбе - Нүкіс (төрт рейс).

БАӘ - аптасына 31 рейс ("Эйр Астана" - 12 рейс; Fly Dubai - 12 рейс; Air Arabia - үш рейс; Wizz Air Abu Dhabi - төрт рейс):

Нұр-Сұлтан - Дубай (10 рейс); Алматы - Дубай (14 рейс); Алматы - Шарджа (үш рейс); Нұр - Сұлтан - Абу-Даби (2021 жылғы 31 қазаннан бастап екі рейс); Алматы - Абу-Даби (2021 жылғы 31 қазаннан бастап екі рейс).

Грузия - аптасына 31 рейс ("Эйр Астана" - 10 рейс, Fly Arystan-11 рейс, SCAT-10 рейс):

Алматы - Тбилиси (бес рейс); Алматы - Батуми (бес рейс); Атырау - Кутаиси (екі рейс); Нұр - Сұлтан - Кутаиси (төрт рейс); Ақтау - Кутаиси (үш рейс); Шымкент - Кутаиси (екі рейс); Ақтау - Батуми (үш рейс); Ақтау-Тбилиси (жеті рейс).


 Грузия. Фото ©Shutterstock

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасында аптасына 10 рейс бар ("Эйр Астана" - бес рейс, "Аэрофлот" - бес рейс):

Нұр-Сұлтан - Мәскеу (төрт рейс), Алматы - Мәскеу (төрт рейс), Шымкент-Мәскеу (бір рейс), Ақтау - Мәскеу (бір рейс).

Қырғызстан - аптасына тоғыз рейс ("Эйр Астана" - жеті рейс; Fly Arystan - екі рейс):

Алматы - Бішкек (жеті рейс); Түркістан - Бішкек (екі рейс).

Германия - аптасына тоғыз рейс ("Эйр Астана" - алты рейс, Lufthansa - үш рейс):

Нұр-Сұлтан - Франкфурт (төрт рейс); Орал - Франкфурт (бір рейс); Атырау - Франкфурт (бір рейс); Франкфурт - Нұр-Сұлтан/Алматы - (үш рейс).

Беларусь - аптасына сегіз рейс (барлығы "Белавиа"):

Нұр-Сұлтан - Минск (бес рейс); Алматы - Минск (үш рейс).

Украина - аптасына сегіз рейс ("Эйр Астана" - 5 рейс, Sky Up - 3 рейс):

Нұр-Сұлтан - Киев (екі рейс); Алматы - Киев (алты рейс).

Черногория - аптасына жеті рейс (барлығы "Эйр Астана"):

Алматы - Подгорица (аптасына төрт рейс); Нұр-Сұлтан - Подгорица (аптасына үш рейс).


Будва, Черногория. Фото ©Shutterstock

Оңтүстік Корея - аптасына үш рейс ("Эйр Астана" - екі рейс, Asiana Airlines - бір рейс):

Алматы - Сеул (үш рейс).

Тәжікстан - аптасына екі рейс ("Эйр Астана" - бір рейс; Somon Air - бір рейс):

Алматы - Душанбе (екі рейс).

Мысыр - аптасына екі рейс ("Эйр Астана" және SCAT - аптасына бір рейстен):

Алматы - Шарм-эль-Шейх (бір чартер рейсі); Нұр-Сұлтан - Шарм-эль-Шейх (бір чартер рейсі).

Армения - аптасына екі рейс (екі рейсті де SCAT орындайды):

Ақтау - Ереван (екі рейс).

Польша - аптасына бір рейс LOT Polish Airlines:

Нұр-Сұлтан - Варшава (бір рейс).

Нидерланды - аптасына бір рейс, "Эйр Астана":

Атырау - Амстердам (бір рейс).

Венгрия - аптасына бір рейс, Wizz Air Hungary:

Будапешт – Нұр-Сұлтан (бір рейс).

Келесі бағыттар бойынша ұшулар әлі жұмыс істемейтінін, бірақ олар бойынша уағдаластық бар екенін есте сақтаңыз.

Ұлыбритания - аптасына екі рейс (екі рейсті "Эйр Астана" жүзеге асырады):

Нұр-Сұлтан - Лондон (екі рейс).

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына тікелей рейстер 2021 жылғы 18 қыркүйектен бастап қайта басталады. Рейстер A321LR алыс магистральды әуелайнерінде орындалады. Экономкластың базалық тарифі барлық жарнаны қоса алғанда, екі жаққа да 284 535 теңгеден басталады.


Лондон, Англия. Фото ©Shutterstock

Катар - аптасына екі рейс (екі рейсті де Qatar Airways орындайды):

Доха - Алматы (екі рейс).

Қазақстанға тұрақты рейстерді орындауды 2021 жылғы 15 қазаннан бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, елдер 30 күнге дейін визасыз режимді жаңартқысы келеді.

Мальдив аралдары - "Эйр Астана" әуекомпаниясының аптасына төрт рейсі:

Алматы - Мале (төрт рейс).

Тұрақты рейстерді орындауды 2021 жылғы 4 қазаннан бастау жоспарланып отыр. Ұшуларды Б 767 және А 321lr типті әуе кемелері жүзеге асырады.

2021 жылғы қазанның үшінші онкүндігінен бастап Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жоспарланған. Алматы - Джидда және Алматы - Медина бағыттары бойынша Сауд Арабиясына ұшуларды қазақстандық SCAT әуекомпаниясы аптасына бір рет әр бағыт бойынша орындайды деп болжанып отыр.

Қолжетімді бағыттардың қайсысына баруды жоспарладыңыз және қай рейстердің ашылуын күтесіз?

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная