Қазақстанға оралған кезде азаматтардың кейбір санаттарына вакцинаның болуына қарамастан, ПТР-тест тапсыруға тура келеді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі ПТР-тест кімге талап етілетінін және қазақстандық вакциналау паспортының мерзімі қандай екенін білді.
Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, егер профилактикалық егуді алған сәттен бастап жарты жыл өтсе, Қазақстанға кіру үшін ПТР-тест қажет.
"Бірақ егер адам қайта вакциналаудан өткен болса, онда мерзім тағы алты айға артады. Осылайша, қайта вакцина алған қазақстандықтар алты ай ішінде елге ПТР-тестсіз орала алады", - деп түсіндірді Байтанаев.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакциналау паспортының жарты жылдық мерзімінің себебі екі компоненттен тұрады, иммундық жауап орта есеппен алты ай сақталады. Сондықтан профилактикалық егуді алғаннан кейін алты айдан соң ревакциналау жүргізу ұсынылады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!