Еуропа қазақстандықтарды тек тарихи және мәдени көрікті жерлерімен ғана емес, оқу, жұмыс және бизнес мүмкіндіктерімен де қызықтырады. Алайда Еуропа елдерінің көпшілігіне бару үшін Қазақстан азаматтарына виза қажет, оның құны жақын арада қымбаттайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews мәліметіне сілтеме жасап.
Еурокомиссия мәліметінше, қысқа мерзімді Шенген визасының құны 11 маусымнан бастап өседі. Енді ересектер 80 еуроның орнына 90 еуро, ал балалар 40 еуроның орнына 45 еуро төлеуі керек. Бұл 12 пайыздық өсім ЕО елдеріндегі инфляцияға байланысты. Брюссель жаңа тарифтерге қарамастан Шенген визасы әлемдегі ең қолжетімді визалардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Мысалы, Ұлыбританияға виза 134 еуро, АҚШ-қа шамамен 185 еуро, ал Аустралияға 117 еуро тұрады.
Шенген аймағына Ирландия мен Кипрді, сондай-ақ Румыния мен Болгарияны қоспағанда, ЕО-ға мүше елдердің көпшілігі кіреді. Сонымен қатар, Норвегия, Исландия, Лихтенштейн және Швейцария ЕО мүшелері болмаса да, Шенген аймағына кіреді.
11 маусымнан Шенген визалары үшін алымдар өседі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!