Қазақстандықтар үшін "Мен барғым келетін Корея" байқауы жарияланды

Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығы 19 шілде мен 10 қыркүйек аралығында "Кореяға саяхат туралы онлайн эссе байқауын" жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қатысушылар Кореяның көркем жерлеріне саяхат туралы шағын шығармаларын ұсынуы керек.

Конкурс Кореяға барғысы келетін, бірақ COVID-19 пандемиясы салдарынан саяхаттауға мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар үшін, ел және оның өңірлері туралы көбірек білу үшін арнайы ұйымдастырылған.

Байқауға қатысу үшін қазақстандықтар "Корей туристік онлайн фотокөрмесін" онлайн тамашалап, ұнаған бір суретті таңдап, "Мен барғым келетін Корея" немесе "Мен айтқым келетін Корея" тақырыбына шағын эссе жазуы керек. Конкурсқа Қазақстан Республикасының 13 жастан асқан барлық азаматтары қатыса алады.

"Қазір COVID-19 пандемиясы салдарынан басқа елдерге саяхат шектеулі болғанына қарамастан, осы онлайн фотокөрме арқылы қазақстандықтар Корея табиғатының сұлулығымен таныса алады. Бұл оларды пандемиядан кейін Кореяға саяхатты жоспарлауға одан әрі шабыт береді деген үміттенеміз", - деді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

Байқау қорытындысы бойынша Корей мәдени орталығы қызықты оқиғалары бар он қатысушыны таңдап, ресми сайтта жариялайды. Он жеңімпазға COVID-19 пандемиясынан кейін Кореяға сапар кезінде пайдалы болатын арнайы сыйлықтар беріледі.

Конкурс туралы толығырақ Корей мәдени орталығының ресми сайтынан білуге болады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!