Қазақстандықтар үшін Гоа мен Шри-Ланкаға кіру ережелері өзгерді

Гоа билігі омикрон штамының салдарынан елге кіру талаптарын қатаңдату туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстандағы туристік агенттіктердің бірінің директоры Максим Баниннің айтуынша, енді қазақстандықтардың вакцина паспорты болса да, Гоаға келгенде кездейсоқ тестіленушілер тобына жатқызылуы мүмкін.

"Тестілеу үшін адамдар кездейсоқ таңдалады және олар өз есебінен Гоа әуежайында ПТР-тестін тапсыруға міндетті болады. ПТР-тестінің құны шамамен 33 доллар (14 341 теңге). Барлық туристің екі пайызын (үш-төрт жолаушы) сынақтан өткізу жоспарланған. Тәуекел тобының (азаматтары кез келген жағдайда ПТР-тестінен өтуге міндетті - авт.) 12 еліне: Еуропа (оның ішінде Ұлыбритания), Оңтүстік Африка, Бразилия, Ботсвана, Қытай, Гана, Мавритания, Жаңа Зеландия, Зимбабве, Танзания, Гонконг, Израиль жатады. Қазақстан тәуекел тобына енгізілген елдер тізімінде жоқ", - делінген хабарламада.

"Қауіпті емес" елдерден келген және тестіленушілердің кездейсоқ тізіміне енбеген туристер бұрынғыдай қонақүйге барып, демалысын жалғастыра алады.

Максим Баниннің айтуынша, 2022 ​жылдың 1 қаңтарынан бастап Шри-Ланкаға кіру ережелері жеңілдетіледі. 12 жасқа дейінгі балаларға ұшар алдында ПТР-тестілеу қажет емес. Басқа да өзгерістер енгізілді.

"Енді Шри-Ланкаға келген барлық турист міндетті түрде денсаулық сақтаудың онлайн нысанын толтырып, қонуға дейін тиісті құжаттарды: вакцина паспорты, COVID-19 ПТР-тестінің алдын ала теріс нәтижесі туралы есеп, төлқұжаттың сканерін жүктеуі керек. Сондай-ақ, сізде QR-код болуы керек (ұялы телефонда және баспа түрінде)", - деді ол.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!