05 наурыз 2022 09:14

Қазақстандықтар ресейлік әуекомпания рейстерінің тоқтатылғаны туралы хабарлама алды

Новосибирск, фото @Shutterstock

S7 Airlines әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

S7 Airlines әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Сибирь" әуекомпаниясының ресми сайтында 30 сәуірге дейін Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения және Әзербайжанға рейстердің тоқтатылуы туралы ақпарат жарияланды.

Реклама
Реклама

Тасымалдаушы Нұр-Сұлтан - Новосибирск және Павлодар - Омбы рейстерін орындады. Ұшуды жоспарлаған жолаушылар рейстердің тоқтағаны туралы хабарлама алды. Жолаушылардың мәліметінше, ақшаны қайтаруға өтінімдер қабылданады және ешқандай мәселе туындамайды. Олар бір-үш сағат ішінде қаралады. Компания екі апта ішінде ақшаны қайтаруға міндеттенеді.

Новосибирск немесе Омбы арқылы ұшатын күрделі маршрутты жоспарлап, қайтарылмайтын билетті сатып алған жолаушылар үшін қиын болады. Олар мұндай билет күйіп кетпеуі үшін енді Ресей қаласына құрлық шекарасы арқылы келуге мәжбүр болады. Бірақ оны 15 күнде бір рет кесіп өтуге болады. Сондықтан егер сапар аз уақытқа жоспарланған болса, онда кейбір билет бәрібір күйіп кетеді.

3 наурызда S7 Airlines Таиландқа, Мысырға және Оңтүстік Кореяға, бұған дейін Австрия, Болгария, Германия, Грекия, Испания, Италия, Кипр, Молдова, Францияға рейстерді тоқтатты. Ресей қалаларының арасында тасымалдаушы 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Анапа, Белгород, Брянск, Воронеж, Геленджик, Краснодар, Липецк, Ростов-на-Дону, Симферополь және кері рейстерді тоқтатты.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram