Қазақстандықтар нәпақа табуға қай елдерге барып жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

2023 жылдың басынан Қазақстаннан 194 мың азамат, оның көпшілігі табыс табуға шет елдерге шыққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2023 жылдың басынан Қазақстаннан 194 мың азамат, оның көпшілігі табыс табуға шет елдерге шыққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтың айтуынша, 194 мың қазақстандықтың 162 мыңы жұмыс істеу үшін Ресейге, 13,1 мың адам Польшаға, 6 мың адам - Оңтүстік Кореяға және 5 мың адам Ұлыбританияға барған.

"Негізінен олар жұмыс істеуге барады. Егер былтырғы жылмен салыстырар болсақ, көрсеткіштер дәл осындай. Білім алу үшін, мысалы 2021 жылы - 17 мың адам, 2022 жылы - 25 мың адам, ал биыл сол шамалар болуы мүмкін", - деді Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстанның Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша шетелде жұмыс істеп жатқан азаматтардың құқығы қорғалады. Түркия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Германия, Ұлыбритания, Израильмен сол елге жұмыс істеуге барған Қазақстанның азаматтарының барлық еңбек және әлеуметтік құқықтарын толық қамтамасыз ету жөнінде келісімге келу жоспарланған.

"Оңтүстік Кореяда ел азаматтарын заңды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың жүйесіне қосылып жатырмыз. Біз алғашқы сауалнаманы толтырып, Оңтүстік Кореяда қалай жүріп-тұру керектігін пысықтап жатырмыз. Қысқаша айтқанда, Оңтүстік Кореяға баратын азаматтарды арнайы оқытатын мекемелер болады. Тіл, базалық заттар деген секілді барған кезде тілдесе алатындай мүмкіндік болуы тиіс", - дейді комитет басшысы.

Мұндай сапардың алдында азаматтардың денсаулығы тексеріледі. Сонымен қатар, олар еңбек келісіміне қол қоюы тиіс, онда оның құқығы, міндеттемелері көрсетіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная