Қазақстандықтар мінген Air Astana рейсі Тель-Авив (Израиль) әуежайынан ұшып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"10 қазанда Астана уақытымен сағат 16:45-те Тель-Авивтен (Израиль) Қазақстанға рейс ұшты. Оның бортында 166 жолаушы бар, оның 124-і Қазақстан азаматы және 42-сі шетел азаматтары", - деп хабарлады СІМ.
Ұшақ бүгін кешке Алматыға қонады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!