Қазақстандықтар мамырда балалармен қайда бара алады?

Өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыздан тыс жерлерге саяхаттау - жаңа тәжірибе жинаудың тамаша мүмкіндігі. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге көктемнің соңғы айында қайда баруға болатыны жайлы баяндайды.

Біз туроператорлардан Қазақстанда демалыс уақытында қандай бағыттардың сұранысқа ие екенін білдік. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда қазіргі уақытта Түркістан, Алматы және Астанаға, сондай-ақ Өзбекстанға одан әрі бару үшін Шымкентке турлар жиі сатып алынады екен.

Астанадағы мектеп экскурсиясы

Мектеп оқушыларының астанаға экскурсиялық турлары көктемгі демалыс кезінде танымал, - деп хабарлайды "Саят" туристік компаниясы. Әдетте, бұл экскурсияға еліміздің әр өңірінен келген 8-9 жастан асқан оқушылар қатыса алады.

Қазақстан астанасына бір күндік экскурсияда Тәуелсіздік алаңы, "Қазақ елі" монументі, "Хазірет Сұлтан" мешіті, Бейбітшілік және келісім сарайы, "Бәйтерек" монументі, Су-жасыл бульвар, Дөңгелек алаң, океанариум және айналмалы дөңгелек сияқты ең танымал жерлерді аралауға болады.

Астананың ескі орталығына жаяу экскурсия қаланың оң жағалауының көрікті жерлерін көруге, Тұңғыш Президент мұражайы мен "Атамекен" этно-мемориалдық картасына баруға , Есіл өзені жағалауы мен "Сағат" композиция-стелласының жанындағы орталық саябақта серуендеуге мүмкіндік береді.

"Шымкент, Қызылорда, Алматы қалаларынан Астанаға мектепішілік экскурсиялық турларға өтінімдер бар. Бұл бір-үш күндік толық турлар. Оларға ұшу, тамақтану, тұратын жері, трансфер және экскурсия кіреді. Көбінесе каникулда келеді. Астанаға екі күнге, не бір тәулікке келеді. Олар пойызбен келеді, таңертең экскурсия жүргіземіз, кешке қайтады", - дейді "Саят" туристік компаниясының ішкі туризм бөлімінің менеджері Әмина Ақылханова.

Ол мектеп оқушыларының Павлодар, Орал, Шымкент, Қызылорда қалаларынан келетінін атап өтті. Бағалар күнге байланысты: бір күндік қызмет көрсету бір топ оқушыға сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін бұл агенттікте 10 адамға 263 мың теңге, 15 адамға 311 мың теңгені құрайды.

Бағаға: жайлы автобуспен трансфер, стандартты қонақүй нөмірлерінде тұру, таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, екі экскурсия және гид қызметтері кіреді.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы

Екі күнге келген болсаңыз, бір күнді міндетті түрде Шымбұлақ пен Медеу мұз кешеніне баруға қалдырыңыз. Үлкен Алматы көліне (ҮАК) барыңыз, Көк-Төбе фуникулерына отырыңыз.

Екінші күнді көрікті жерлерге (28 Панфилов саябағы, Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы, "Көк базар" базары және т.б.), концерттерге арнап, фестивальға барыңыз, олар қалада жиі өткізіледі. Немесе одан да асып, Түрген ауылындағы жүзімдіктерге, форель шаруашылығына барыңыз және т.б.

Алматының сыртында көптеген қызықты жерлер бар. Қапшағай су қоймасы, таудағы отбасылық демалыс орындары, форель шаруашылығы. Өз бетіңізше немесе туристік агенттік арқылы Шарын каньонына саяхат, Іле өзені, Көлсай көлдерінде рафтинг сатып алуға болады.

"Алматыда турлар экскурсиясыз жүргізіледі, қала Астанадан біршама ерекшеленеді. Сондықтан адамдар белгілі бір кесте мен уақытқа байланбай, өз бетінше қыдырғанды ​​ұнатады. Алматыда барлығын көру үшін көбірек уақыт қажет. Кейде туристер демалуға да уақыт таппай қалады", - дейді агенттік менеджері.

Үш күнге созылатын мұндай турлар орташа есеппен 100-150 мың теңгені құрайды. Бұған тұратын жер, ұшу және трансфер кіреді. Баға қонақүй мен қайту күніне байланысты. Kids Go Free бағдарламасының көмегімен отбасына арналған пакеттер сәл арзанырақ болуы мүмкін - бір адамға орташа есеппен 70 мыңды құрайды.

©kazakhstan.travel

Түркістан

Түркістан – көктемде ерекше керемет; жайма-шуақ күн, жаңа сәулет ескерткіштері мен тарихи орындар. Әсіресе, бірінші рет барғандар үшін ерекше болмақ. Бұл мезгілде ауа-райы10-15 градус жылы болады.

Түркістанға келген соң бәрі алдымен ортағасырлық сәулет ескерткіші – Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тамашалауға барады. Темірланның бұйрығымен салынған кесене Орталық Азияның халқы үшін ең құрметті қасиетті орындардың біріне айналды.

Жергілікті гидтер турды Арыстан баб кесенесінен бастауды ұсынады. Түркістан қаласынан 60 шақырым жерде, Отырар елді мекені мен Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылына жақын орналасқан. Көптеген туристер осында түнеп қалып, тілек тілейді. Содан кейін ғана Түркістанға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барады.

Түркістанның тағы бір ерекше жері – этникалық ауыл. Бұл жоба өткен ғасырлар тарихынан сыр шертетін Қожа Ахмет Яссауи мұражайы мен мемориалдық кешенінің жалғасы болды.

"Керуен Сарай" кешенін де тамашалауға болады. Оған Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуларына арналған амфитеатр, шығыс базары, сауда аркадалары мен бутиктер, қонақүйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді.

Түркістан маңындағы Укаша ата кесенесі мен құдығы, Ақмешіт үңгірі, Гауһар ана кесенесі сияқты киелі жерлерге де туристер көп келеді.

Фото: Tengrinews.kz

Шымкент

Туристер Шымкентке ары қарай Өзбекстанға саяхаттау үшін келеді. Қазақстандықтар Өзбекстанға жоспарланған турдан бір күн бұрын келіп, күні бойы қаланы, оның көрікті жерлерін аралап, одан соң автобуспен көрші мемлекетке сапарға шығады.

Kids Go Free бағдарламасы бойынша қызмет көрсету және балаларға тегін рейс алу үшін міндетті түрде Қазақстандағы қонақүйлерде тұруға болатын турпакет сатып алу қажет. Өзбекстандағы турлар 85 мың теңгеден басталады.

"Мысалы, сіз екі балалы отбасына 18 наурыздан 23 наурызға дейін Өзбекстанға "Kids Go Free" бағдарламасымен турды есептесеңіз, Шымкентте бір күн және үш күн түнеуді қосқанда шамамен 680 мың теңге кетеді", - деп есептейді туристік компания менеджері.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.