Қазақстандықтар кондиционері жоқ вагонда тағы қанша жүреді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Соңғы уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде Атырау - Маңғыстау қатынасындағы пойыз вагондарының жай-күйіне шағымданған жазбалар жиілеп кетті. Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға ыстық маусымда өңірлерде кондиционері жоқ вагондар неге қатынайтынын анықтау үшін сауал жолдады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде Атырау - Маңғыстау қатынасындағы пойыз вагондарының жай-күйіне шағымданған жазбалар жиілеп кетті. Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға ыстық маусымда өңірлерде кондиционері жоқ вагондар неге қатынайтынын анықтау үшін сауал жолдады.

Қазақстандықтар тағы 7 жыл бойы кондиционі жоқ вагонда жүретін болады

Сауалға берілген жауапқа сүйенсек, кондиционері жоқ вагондарды 2029 жылы - қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін алып тастау жоспарланған. 

Реклама
Реклама

"Қоғамның барлық паркін есептегенде, ауаны баптау жүйесімен (АБЖ) жабдықталған стандартты вагондар 57 пайызды құрайды және олар әртүрлі бағытта жүреді. Ескі вагондарда зауыттың конструкциясы бойынша кондиционер көзделмеген және оларды 2029 жылға дейін қызмет ету мерзімі өткеннен кейін алып тастау жоспарланып отыр. Алайда, АБЖ-мен жабдықталмаған барлық вагонда желдету жүйесі (вентиляция) қарастырылған. Жолға шығар алдында вагондар сыртқа тарату желдеткішінің жарамдылығы, сондай-ақ терезелерді ашу тетігі тұрғысынан тексеріледі", - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ жауабында.

Ведомствода 2024-2029 жылдар аралығында 500-ден астам жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр, олар АБЖ-мен жабдықталады деп сендірді.

Бұл ретте Маңғыстау - Атырау бағытындағы №313/314 пойызы орта есеппен 10 вагоннан тұратын төрт құраммен жүреді. Әр құрамда 1984-2021 жылдары "Тверь вагон жасау зауыты" ААҚ және ҒДҚ құрастырған стандартты вагондар бар.

Жолаушылар кондиционері бар вагонды таңдай алады

Тағы бір мәселе - билетті сатып аларда жолаушыны вагондардың техникалық жай-күйі және кондиционердің бар-жоғы туралы хабардар ету. Өйткені, қазіргі уақытта билетті алдын ала сатып алғанда, турист оның вагонында кондиционер бар-жоғын біле алмайды. Сонымен, сауалға берілген жауаптағы ақпаратқа сәйкес, жақын арада бұл мәселе шешіледі - вагонды таңдау кезінде жолаушыларға пойыз, маршрут, вагон нөмірлері және техникалық жабдықтау туралы ақпараты бар QR-кодтар қолжетімді болады.

"Жақында жолаушыларды вагондардың техникалық жарақтандырылуы туралы алдын ала хабардар ету міндетін шешу үшін пойыз маршруты, вагонның реттік нөмірі және олардың техникалық жарақтандырылуы туралы ақпараты бар веб-ресурсқа сілтемемен QR-кодтарды орналастыру жөніндегі жоба іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар, онлайн сату жүйелерінде вагондардың техникалық жабдықталуын сипаттайтын арнайы шартты белгілерді орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хатта.

"Атырау-Маңғыстау" - әлеуметтік маңызы бар бағыт. Оны мемлекет субсидиялайды

Атырау - Маңғыстау қатынасындағы №313/314 жолаушылар пойызы - әлеуметтік маңызды бағыт. Онда 2022 жылға қажетті субсидиялар 901 008 000 теңгені құрайды.

"ИИДМ Көлік комитеті және "Жолаушылар тасымалы" АҚ атынан уәкілетті орган арасында жасалған әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шартқа сәйкес 556 720 000 теңге бөлінді. Қалғаны - 344 288 000 теңге".

Вагондарды жөнелту алдында қалай тексеріледі

Ақпаратқа сәйкес, комиссия күн сайын әрбір жөнелту алдында вагондардың техникалық, санитариялық жай-күйіне тексеру жүргізеді.

"Пайдалану процесінде пайда болатын вагон жабдығының ақаулықтары техникалық қызмет көрсету кезінде қалыптастыру пунктіне келгеннен кейін, сондай-ақ пойыздың жүру жолында пойыз электр механигі немесе белгілі бір станцияларда мобильді топ болған кезде жойылады.

Жолға шыққан жолаушылар пойызына мына персонал қызмет көрсетеді:

- жолаушылар пойызының бастығы - 1;

- пойыз электромеханигі - 1;

- жолаушылар вагондарының жолсеріктері: 2 вагонға 3 жолсерікке қызмет көрсету нормасы есебінен құрамдағы вагондар санына байланысты;

- вагондарды жуушылар-жинаушылар, 3 вагонға 1 жуушы есебінен", - делінген хабарламада.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная