Қазақстандықтар қанша елге визасыз бара алады? Рейтинг

Henley & Partners компаниясы 2022 жылдың үшінші тоқсанында жаһандық мобилділік жағдайының рейтингін жариялады. Әлем бойынша саяхаттауға қай елдің төлқұжаты тиімді екені туралы Kaz.tengritravel.kz порталынан оқи аласыздар. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Henley & Partners компаниясы 2022 жылдың үшінші тоқсанында жаһандық мобилділік жағдайының рейтингін жариялады. Әлем бойынша саяхаттауға қай елдің төлқұжаты тиімді екені туралы Kaz.tengritravel.kz порталынан оқи аласыздар. 

Жапония бұл тізімде көш бастады. Бұл елдің азаматтары 193 елге визасыз режиммен және визаны талап еткен жағдайда кіре алады. Содан кейінгілері, Сингапур мен Оңтүстік Корея, бұл елдер 192 елге визасыз кіре алады. 

Реклама
Реклама

Үшінші орынды еуропалық екі ел күміс жүлдені өзара бөлісті. Германия мен Испания азаматтары 190 елге кіре алады, ал Финляндия, Италия және Люксембург тұрғындары 190 елге визасыз кіреді. Сосын Австрия, Дания, Нидерланды және Швеция бесінші орынға жайғасты, ал Франция, Ирландия, Португалия және Ұлыбритания алтыншы орынды қанағат тұтты. 

Henley & Partners рейтингіне сәйкес, Қазақстан 2022 жылы 73-ші орында, яғни қазақстандықтар 76 елге визасыз бара алады. Бір жыл бұрын 75-орында еді, ал 2020 жылы тіпті 67-орынға дейін көтерілген борлатын. 

Henley & Partners индексі 199 түрлі төлқұжатты және 227 туристік бағытты қарастырады. Нәтижелері әр тоқсан сайын шығып тұрады. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная