Қазақстандықтар Жапонияға қашан тікелей ұша алатыны анықталды

Фото: pixabay.com

Қазақстан-Жапония арасындағы әуеқатынасы қашан ашылатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан-Жапония арасындағы әуеқатынасы қашан ашылатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстандық әуекомпаниялар 2025 жылдың бірінші жартысында екі ел арасында тікелей әуеқатынасын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун мырзамен кездесуі өтті.

Реклама
Реклама

"Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы әуеқатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады. Салтанат Томпиева қазақстандық әуекомпаниялар 2025 жылдың бірінші жартысында екі ел арасында тікелей әуеқатынасын ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Ямада мырза өз кезегінде бұл мәселеде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлім етті", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы экономикалық, іскерлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейту үшін әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная