Қазақстандықтар Бейжіңге қайтадан тікелей ұша алады

22 қарашадан бастап Air Astana Алматыдан Қытай астанасы Бейжіңге тұрақты әуеқатынасын қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әуе тасымалдаушы баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер аптасына бір рет - сейсенбіде Airbus A321 LR әуе лайнерінде орындалады. КС 267 рейсі Алматыдан 01:35-те ұшады, Бейжіңге 08:30-да ұшады. КС 268 рейсі Бейжің уақытымен 11:30-да Бейжіңнен ұшып, Алматыға жергілікті уақытпен 14:45-те келеді.

Бейжіңге баратын жолаушылар қалаға келген кезде 10 күндік карантиннен өтуі керек. Сонымен қатар, Қытайға баратын барлық жолаушы, соның ішінде транзиттік жолаушылар Қазақстандағы ҚХР елшілігі немесе Алматыдағы ҚХР Бас консулдығы берген денсаулық кодын алуға міндетті. Ол үшін екі түрлі зертханада тапсырылған ұшудан 24 және 48 сағат бұрын теріс ПТР сынамасын ұсыну қажет. Уақыт биоматериал алынған сәттен басталады. Денсаулық кодын алуға қойылатын талаптардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Air Astana Бейжіңге рейстерді 2002 жылы бастады және COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылдың наурызында әуеқатынасын тоқтатты. 2002 жылдан 2020 жылға дейін осы бағытта 1 миллион 100 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Әуекомпания Алматыдан Чэндуға аптасына 2 рет жиілікпен ұшуды жалғастыруда.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!