Қазіргі уақытта Алматы әуежайында рейстердің кешігуі байқалады, бұл жолаушыларға қолайсыздық туғызады және көптеген саяхатшының жоспарларын бұзады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқырман редакцияның WhatsApp нөміріне Алматының әуежайында түсірілген бірнеше кадр жіберіп, қазақстандық бірнеше рейстің кешігіп жатқанын алға тартты.
Біз мән-жайды анықтау үшін әуекомпаниядан түсініктеме сұрадық. Материалды жазу кезінде FlyArystan рейстері, әуежайдың онлайн-таблосына сәйкес, әуе айлағынан шығып үлгерді. Алайда, Алматыдан Ташкентке сағат 13:05-ке жоспарланған рейс 9 сағатқа кешіктірілетінін байқадық.
Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстердің кешігуі техникалық себеппен байланысты.
Сондай-ақ, онлайн-тақтадан Scat әуекомпаниясының рейсі 5,5 сағатқа кейінге қалдырылғанын көруге болады. Біз әуе тасымалдаушысының өкілдеріне хабарластық, олар бұл өзгеріс әуежайдың көп жұмыс істеуіне байланысты екенін айтты.
"Алматы - Ақтау рейсінің ұшу уақытының өзгеруі әуе кемесінің кеш келуіне байланысты болды, бұл өз кезегінде Алматы әуежайының кептелісінің жоғары болуына байланысты", – деп бөлісті әуекомпанияда.
Біз жағдайды бақылауды жалғастырамыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!