Қазақстандықтар Алматы-Көкшетау бағыты бойынша әуе билеттерінің тапшылығына шағымданды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар Алматы-Көкшетау бағыты бойынша билет тапшылығына шағымданып жатыр. Qazaq Air әуекомпаниясының баспасөз қызметі шағымға жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Алматы-Көкшетау бағыты бойынша билет тапшылығына шағымданып жатыр. Qazaq Air әуекомпаниясының баспасөз қызметі шағымға жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Редакциямызға жазда Алматы – Көкшетау бағытына билет сатып алу қиындайтынын айтып, оқырман шағымданды.

"Екі күнге Бурабайға барғымыз келіп еді. Алматы – Көкшетау бағыты ең оңтайлы нұсқа болды. Бірақ біз ала алмай жүрміз. Себебі неде, айтыңызшы?" - деп сұрады ол.

Реклама
Реклама

Компанияның баспасөз қызметі қазақстандықтың шағымына жауап берді.

"Әуекомпания Алматы – Көкшетау бағыты бойынша субсидияланған рейстерді аптасына 3 рет орындайды. Осы маршрутқа дәстүрлі жоғары сұранысты ескеріп, біз сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды және билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынамыз. Қазіргі уақытта тамыз айына арналған барлық билет сатылып кетті", - деп атап өтті әуекомпанияның ресми өкілі Ақбота Орынбаева.

Оның айтуынша, қазір күз айларына әуе билеттері бар.

"Сондай-ақ, әуекомпания күзгі кезеңге жаңа бағыттарды жоспарламайтынын хабарлаймыз", - деп қосты ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная