Қазақстандықтар 10 елге ПТР-тест тапсырмай және карантинсіз бара алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Вакцина алу әлем бойынша саяхатқа шығу мүмкіндігін арттыратыны анық. Ең дұрысы, вакцина алу төлқұжаты кез келген мемлекетке шектеусіз саяхаттауға мүмкіндік береді, әрі қайта-қайта карантиннен өтіп, ПТР-тестін тапсыруды азайтады. Kaz.tengritravel.kz қай елдердің Қазақстанның екпе төлқұжаттарын өзара мойындағанын және қай мемлекеттердің қазақстандық екпе құжатын біржола мойындағаны туралы мәлімет береді.

Басылымның сұрауына жауап бере отырып, ҚР Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Венгрия, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Молдова, Таиланд және Түркияның уәкілетті мемлекеттік органдарымен вакцинация паспорттарын өзара мойындауға қол жеткізуге болатынын хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, басқа да бірқатар елдер қазақстандық екпе төлқұжатын біржақты мойындады. Олар Беларусь, Мысыр, Вьетнам және Оман.

"Қазір коронавирус инфекциясына қарсы екпенің толық курсын алған Қазақстан Республикасының азаматтары COVID-19 вакцинация құжаттарының негізінде Беларусь, Венгрия, Вьетнам, Грузия, Мысыр, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Оман және Таиланд сияқты елдерге карантиндік шектеусіз (ПТР-тесті, өзін-өзі оқшаулау) бара алады", - деп хабарлады СІМ.

Министрлік сонымен қатар Әзербайжан, Аргентина, Армения, Индонезия, Иордания, Марокко, Ресей, Өзбекстан, Филиппин және басқа да мемлекеттермен COVID-19 вакцинация құжаттарын өзара мойындау туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінде екпе төлқұжаттарының танылуын тездетуге шақырды.

Сондай-ақ, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Сейшель аралдары мен Черногория вакцина алған қазақстандықтарды ПТР-тестісіз және карантинсіз қабылдайтыны хабарланды, бірақ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel