Қазақстандық туризмге үш жылда 4 миллиард доллар инвестиция тартылған

© pixabay.com/Andy_Bay

Кейінгі үш жылда Қазақстанның туристік саласына 4 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Мұндай мәліметі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі үш жылда Қазақстанның туристік саласына 4 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Мұндай мәліметі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

2022 жылдың өзінде инвестиция көлемі 513,3 миллиард теңгеге жеткен.

"2020-2022 жылдар аралығында Қазақстанның туристік саласына 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Сонымен қатар, аталған кезеңде елімізде 400-ден астам туристік нысан салынды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Вице-министр Ержан Еркінбаевтың айтуынша, мемлекет отандық туризмді дамыту үшін жеке капиталды белсенді түрде тартып жатыр екен.

"2022 жылдан бастап мемлекеттік қолдау шараларымен туризм объектілерін салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жөніндегі жобалар қамтылды. Сондай-ақ туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар беріледі.

Бұдан басқа, ел ішінде саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін балалар авиабилеттері субсидияланады. Шетелдік инвесторларды тартуға, оның ішінде түрлі преференциялар беру арқылы ерекше көңіл бөлінеді",-деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная