Қазақстандық туристерге қолжетімді вакцинамен қай елдерге баруға болады?

© pixabay.com

Әлемнің көптеген елдері вакцина алған туристерге жол ашуды жоспарлап отыр. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Қазақстанда бар вакциналарды алғаннан кейін қай елдерге сапар шегуге болатыны туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемнің көптеген елдері вакцина алған туристерге жол ашуды жоспарлап отыр. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Қазақстанда бар вакциналарды алғаннан кейін қай елдерге сапар шегуге болатыны туралы баяндайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцина қолданылады - QazVac, Sinopharm және "Спутник V". Сонымен қатар, елде ҚХР -дан тағы бір вакцина - CoronaVac әкелу жоспары бар. Бұл вакциналардың біріншісі тек Қазақстанда ғана қолдануға рұқсат етілген.

Реклама
Реклама

Айтпақшы, 28 мамырда бейнеконференция кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа QazVac-ты ДДҰ төтенше жағдайларда қолдануға арналған дәрі-дәрмектер тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыруға дайындығы туралы айтты.


Фото ©Shutterstock 

Қазіргі уақытта QazVac вакцинасын алған қазақстандықтар коронавирусқа ПТР-тесті теріс болған туристерді қабылдайтын немесе саяхатшыға қандай препаратпен егу керектігін көрсетпеген елдерге ғана бара алады.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға Sinopharm/HayatVax вакцинасы салынды. Шын мәнінде, бұл қытайлық Sinopharm/Beijing-тің аналогы, бірақ ол Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылады.

Ourworldindata.org хабарлағандай, бұл вакцина бір елде - Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген. Бірақ Sinopharm-ды ДДҰ мақұлдайды, яғни онымен вакциналанған қазақстандықтардың саяхатқа шығуда кем дегенде бір артықшылығы бар.

"Спутник V" вакцинасының сайтында хабарланғандай, бұл вакцина ресми түрде 67 елде тіркелген, олар: Ресей, Беларусия, Аргентина, Сербия, Боливия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түркіменстан, Мажарстан, БАӘ, Пәкістан, Иран, Гвинея, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Ливан, Сербс Республикасы, Мьянма, Моңғолия, Бахрейн, Черногория, Сент-Винсент және Гренадина, Қазақстан, Өзбекстан, Габон, Сан-Марино, Гана, Сирия, Қырғызстан, Гайана, Мысыр, Гондурас, Гватемала, Молдавия, Словакия, Ангола, Джибути, Конго Республикасы, Шри-Ланка, Лаос, Ирак, Солтүстік Македония, Марокко, Кения, Иордания, Намибия, Әзербайжан, Филиппин, Камерун, Сейшель аралдары, Маврикиий, Вьетнам, Антигуа және Барбуд, Мали, Панама, Үндістан, Непал, Бангладеш, Түркия, Албания, Мальдив Республикасы, Эквадор және Бразилия.

Аталған елдердің көпшілігінде жергілікті халық осы препаратпен егілген. Егер бұл елдердің үкіметтері тек вакцина алған туристерді қабылдауға шешім қабылдайтын болса, олар "Спутник V" вакцинасын алған адамдарды олардың санынан шығарып тастай алмайды деуге болады.

Басқа елдерге бару үшін қандай вакцина салдыру керек?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) американдық вакциналарды Pfizer/BioNTech, Jannsen және Moderna, британдық-шведтік AstraZeneca және оның үнділік нұсқасын, төтенше жағдайда - Sinopharm корпорациясы шығаратын жаңа типті коронавирустық инфекцияға қарсы қытайлық вакцина қолдануға рұқсат етті. Соңғы ақпаратқа сәйкес, "Спутник V" әзірлеушілері бұл вакцинаны ДДҰ -ның алдағы екі ай ішінде мақұлдануын күтеді.

Сонымен қатар, қазір көптеген елдер цифрлық вакцинация төлқұжаттарын жасап жатыр. IATA -ның ең танымал бастамасы - Travel Pass. Бұл мобильді қосымшада саяхатшылар ПТР-тестінің нәтижелері бар сертификаттарды, сондай-ақ COVID-19 вакцинасы туралы ақпаратты сақтай алады. Шекарадан өткен кезде турист өзінің COVID-19 жұқтырылмағанын электронды түрде дәлелдей алады.


Фото ©Shutterstock 

Қазақстандық eGov Mobile жүйесі Travel Pass-пен біріктіріледі деп күтілуде, қазақстандықтар бұл қосымшаны да пайдалана алады.

Біздің отандастар ЕАЭО елдеріне баруды жеңілдететін "COVID-19-сыз саяхат" қосымшасына қол жеткізе алады.

Еуропалық Одақ, Қытай мен Жапония шекарадан тыс жерлерге саяхат жасау үшін өздерінің цифрлық вакцинация сертификаттарын әзірлеуде.

1 шілдеден бастап ЕО мен Шенген аймағына BioNTech/Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Johnson & Johnson препараттарымен толық вакцинациядан өткен үшінші елдердің вакцина алған азаматтарын қабылдау жоспарлануда. Вакцинаның соңғы қажетті дозасын алғаннан кейін кем дегенде 14 күн өтуі керек.

Вакцинаның салынғанын растайтын цифрлық ковид-сертификаты болады - ЕО-ның "цифрлық жасыл сертификаты", сондай-ақ олардың жарамдылығы мен түпнұсқалығын тексеруге болатын жағдайда басқа елдерде жасалған аналогтары.

ЕО вакцинация сертификаттарын өзара мойындау мүмкіндігін қарастырды. Үшінші ел азаматтары да еуропалық құжатты ала алады деп күтілуде.

Еске салсақ, жасына байланысты әлі вакцина ала алмайтын балалар, егер олар шекарадан өткенге дейін 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесін берген жағдайда, Шенген елдеріне ата-аналары алған вакцинамен кіре алады.


Фото ©Shutterstock  

Осылайша, Еуропалық Одақ елдеріне бару үшін қазақстандықтарға бірінші кезекте "дұрыс" вакцина қажет болады. Туристер өз елінде жоқ вакцинаны алу үшін сапарға шыққанда, вакциналық турлар мәселені шешуге көмектеседі.

Қытай тұрғындары халықаралық сапарға шығу үшін электронды денсаулық сертификатын алуы тиіс.

Сертификатта аты мен тегі, ұлты, төлқұжат нөмірі, ПТР-тестінің нәтижесі мен IgG антиденелерінің болуына тест, зерттеудің күні мен орны көрсетіледі. Құжат сонымен қатар COVID-19 вакцинасының мәртебесін көрсетеді: вакцинаның атауы, түрі мен өндірушісі, вакцинация күні және алынған дозалар саны. Әр сертификатта бірегей QR коды болады, оны әртүрлі елдердің департаменттері сканерлеп, ақпаратты тексере алады.

Алайда, Қытай әлі ешқандай елмен денсаулық сертификаттарын өзара мойындау туралы келісімге қол қойған жоқ. Ал Қытайға келетін шетелдіктерге Қытайда жасалған вакцина егілуі тиіс.


Фото ©Shutterstock   

Жапония сонымен қатар цифрлық "вакцина төлқұжатын" қолдануға ниетті. Ковид-19 вакцинасын алған шетелдіктер елге кіре алады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, шығыс еліне коронавирусты жұқтырмағанын дәлелдей алатын саяхатшылар бара алады.

Жапондық "вакцина төлқұжатында" жолаушы өткен COVID-19-ға тапсырылған ПТР-тестінің, антигендерге тапсырған барлық сынамаларының нәтижелері болады. Егер адам соңғы бірнеше күнде COVID-19 үшін теріс сынама алған болса, оларға Жапонияға кіруге рұқсат етілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта жапондықтар мақұлдаған жалғыз COVID-19 вакцинасы - Pfizer-BioNTech.


Фото ©Shutterstock

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) мәліметтері бойынша, агенттік үш жедел вакцинаны мақұлдады: Pfizer-BioNTech COVID-19, Moderna COVID-19, Janssen. Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналарын FDA осы жылдың екінші жартысында толық мақұлдауы ықтимал.

Travelandleisure.com хабарлағандай, АҚШ-та белсенді вакциналау науқаны жүріп жатыр. Мысалы, Нью-Йоркте сіз вакцинаны Times Square және High Line сияқты танымал туристік орындарда ала аласыз.

Мұның барлығы адамдардың Америка Құрама Штаттарына вакцина алу үшін келуін жиілетті. Вакциналық туризмнің қаншалықты заңды екенін меңзей отырып, Visaplace.com сізде виза болса немесе Америка Құрама Штаттарына заңды түрде баруға рұқсат етілсе, онда бұл дұрыс дейді. Дегенмен, сізде вакцинацияға кепілдік жоқ. Көптеген елдер мұндай турларды ұсынғанымен, АҚШ үкіметі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Ережеге сәйкес, Америка Құрама Штаттарына басқа елден ұшақпен келген екі жастан асқан барлық жолаушылар ПТР тестінің теріс нәтижесін немесе COVID-19-дан сауыққаны туралы құжатты ұсынуы қажет. Сонымен қатар, саяхатшылар үй карантинінен өтуі керек, және келгеннен кейін үш-бес күн өткен соң, қайтадан COVID-19-ға тест тапсырып, теріс нәтиже алынғанша оқшаулану керек.


Фото ©Shutterstock 

АҚШ-қа саяхаттау үшін қазақстандықтарға әлі де виза алу қажет.

Сейшел аралдары, Жаңа Зеландия мен Австралия бұған дейін міндетті түрде саяхаттау үшін вакцина салдыруды жариялаған. Кипр Республикасы мен Сингапур билігі әлі де ойлануда.

Шекарадан асқан барлық жолаушыға вакцина салдыру деген шарт жоқ. АҚШ президенті Джо Байден вакцинаның федералды төлқұжаты болмайтынын айтты. Америка Құрама Штаттарының бірнеше юрисдикциясы вакцинаны растауға тыйым салатын заңдар қабылдады.

Қорытындылай келе, "дұрыс" вакцина алған күнде ол басқа елдерге кіруге міндетті түрде кепілдік бермейді, сондықтан вакцина аларда жан-жақты зерттеп, саналы түрде алған дұрыс, алдымен дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.

Басқа мемлекеттердің шекараларына кірудің ережелері мен шарттарын мына жерден қарауға болады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная