Қазақстандық туристерге қолжетімді вакциналармен қай елдерге баруға болады

Әлемдегі көптеген ел вакцина салдырған туристер үшін ашылуды жоспарлап отыр. Kaz.tengritravel.kz порталы Қазақстанда қолжетімді вакциналарды салдырып, қай елдерге баруға болатынын баяндайды.

Қазір Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцина қолданылады - QazVac, Sinopharm және "Спутник V". Сондай-ақ, елде ҚХР-дан тағы бір вакцинаны -CoronaVac-ты қолжетімді ету жоспары бар. Аталған вакциналардың алғашқысы тек Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген.

Айта кетейік, 28 мамырда бейнеконференция байланысы кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа QazVac-ты ДДҰ төтенше жағдайларда пайдалану үшін ұсынған дәрі-дәрмектер тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Қазір QazVac салдырған қазақстандықтар коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесін берген туристерді жіберетін елдерге немесе саяхатшының қандай препаратпен вакциналануы тиіс екенін көрсетпейтін елдерге ғана саяхаттай алады.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға sinopharm/HayatVax егіледі. Шын мәнінде, бұл қытайлық Sinopharm/Beijing аналогы, алайда Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған.

Ourworldindata.org деректер бойынша, бұл вакцина бір елде - Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген. Бірақ Sinopharm ДДҰ-мен мақұлданған. Демек оны салдырған қазақстандықтардың саяхаттау үшін кем дегенде бір артықшылығы бар.

Спутник V вакцинасы сайтының мәліметінше, препарат ресми түрде 67 елде - Ресей, Беларусь, Аргентина, Сербия, Боливия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түрікменстан, Венгрия, БАӘ, Пәкістан, Иран, Гвинея, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Ливан, Серб Республикасы, Мьянма, Моңғолия, Бахрейн, Черногория, Сент-Винсент және Гренадин, Қазақстан, Өзбекстан, Габон, Сан-Марино, Гана, Сирия, Қырғызстан, Гайана, Мысыр, Гондурас, Гватемала, Молдова, Словакия, Ангола, Джибути, Конго Республикасы, Шри-Ланка, Лаос, Ирак, Солтүстік Македония, Марокко, Кения, Иордания, Намибия, Әзербайжан, Филиппин, Камерун, Сейшель аралдары, Маврикий, Вьетнам, Антигуа және Барбуда, Мали, Панама, Үндістан, Непал, Бангладеш, Түркия, Албания, Мальдив Республикасы, Эквадор және Бразилияда тіркелген.

Аталған елдердің көпшілігінде жергілікті тұрғындар осы екпені салдырады. Егер осы елдердің үкіметтері тек вакцина салдырған туристерді қабылдауға шешім шығарса, олар "Спутник V" вакцинасын олардың қатарынан шығара алмайды деп болжауға болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) америкалық Pfizer/BioNTech, Jannsen және Moderna вакциналарын, ұлыбританиялық-шведтік AstraZeneca және оның үнділік нұсқасын, шұғыл қолдану үшін - Sinopharm мемлекеттік корпорациясы шығарған жаңа үлгідегі қытайлық вакцинаны қолдануды мақұлдады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, "Спутник V" әзірлеушілері алдағы екі айда ДДҰ-дың осы вакцинаны мақұлдауын күтуде.

ЕО мен Шенген аймағына 1 шілдеден бастап Biontech/Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Johnson & Johnson препараттарымен толық вакциналаудан өткен азаматтарды қабылдау жоспарлануда. Вакцинаның соңғы қажетті дозасын алғаннан кейін кем дегенде 14 күн өтуі тиіс. 

Екпе салдыруға жасы толмаған балалар шекарадан өткенге дейін 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесін берген жағдайда, вакцина салдырған ата-аналарымен Шенген елдеріне кіре алады.

Қорытындылай келе, "дұрыс" вакцинаның болуы туриске барғысы келетін елдердің шекарасын міндетті түрде ашады деген сөз емес. Сондықтан препаратты, ең алдымен, дәрігердің кеңесіне сүйене отырып, мұқият таңдау керек.

Кейбір елдің ережелерінде, мысалы, туристер белгілі бір елдерден келе алмайды, ал басқаларында саяхатшылар белгілі бір елдерде (әдетте қолайсыз санэпидемиологиялық жағдаймен) 14 күннен астам болған жағдайда немесе тіпті транзитпен келе алмайды. Кейбір елдер туристік мақсатта кіруге тыйым салмауы мүмкін, бірақ олармен тікелей байланыс болмауы мүмкін. Жалпы, көптеген жағдай бар. Осы немесе басқа елдің саяхатқа қолжетімді болуы үшін бірқатар фактор сәйкес келуі керек.

Әртүрлі мемлекеттің шекараларын кесіп өту ережелері және шарттарымен мына жерден таныса аласыз.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!