Қазақстандық туристер Шри-Ланкадағы демалыс жайлы не білуі қажет?

Шри-Ланка - заманауи әдемі қонақүйлері, тамаша қызмет көрсетуі, әсем жағажайлары және ерекше түрлі мәдениетімен көздің жауын алатын ел. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі туристерге Шри-Ланка аралына бармас бұрын не білу қажеттігі жайлы баяндайды.

Шри-Ланкада демалыстың негізгі артықшылықтарына тоқталсақ: жылдың кез келген уақытында қолайлы ауа райы, қызықты экскурсиялық бағдарлама, қолжетімді бағадағы түнеу мен тамақтану және визаны тек әуежайға келгенде рәсімдеуге болады. Осы жайлы алда толығырақ баяндаймыз.

Виза және туристерге қойылатын талаптар

Аралға сапарды жоспарлау кезінде алдын ала виза алу, құжаттарды жинау және консулдықта кезек күтуге уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Қайтар билеті мен туристік ваучер болса, әуежайға келгеннен кейін бар болғаны 15 минут ішінде 30 күнге дейін виза алуға өтініш бере аласыз. Kompas Tour туроператорының PR менеджері Антон Тримайлов желтоқсан айында Шри-Ланка билігі туристер үшін барлық коронавирусқа қатысты шектеулерді алып тастағанын айтты.

"Әуежайға келген соң 14 жастан бастап виза рәсімдеуге болады . Визаның бағасы 60 долларды құрайды. Шри-Ланка - ерекше туристік бағыт, мысалы, Мальдив аралдарынан айырмашылығы, мұнда өте қызықты экскурсиялық бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ, туристерге қызмет көрсету деңгейі де жоғары", - дейді ол.


@pixabay

Валюта айырбастау

Мұндағы ресми валюта - Шри-Ланка рупийі. Туристер бұл жерде негізінен қолма-қол ақшамен төлем жасайтынын, картамен төлеу сирек кездесетінін айтады. Ал егер қолма-қол ақшасыз төлем жасауға болса, онда тиімсіз мөлшерлемемен есептеулері ғажап емес. Тәжірибелі саяхатшыларға әуежайда дереу ақша ауыстыруға кеңес беріледі. Ал басқалары әуежайда бар болғаны жүз доллар айырбастап, оған жергілікті SIM-карта сатып алып, аударымын төлейді, ал қалған ақшаны зергерлік дүкендерде тиімді бағаммен айырбастауға болады.

Қауіпсіздік шаралары

Көптеген туристер аралда ұрлықтың жиі кездесетінін айтады. Сондықтан ақша мен бағалы заттарды қараусыз қалдырмау керек, сондықтан бағалы заттарды қонақүй иесіне сейфте сақтауға беріп, одан түбіртек алып алған жөн.


@pixabay

Тасымалдау

Қысқа сапарлар үшін тук-тукты, ұзақ сапарлар үшін таксиді таңдаған дұрыс. Қазақстандағы танымал такси желісі Uber мұнда жиі қолданылады. Саудаласуды ұмытпаңыз: жүргізушілер бағаны кейде негізсіз көтереді.

Алматы тұрғыны Геннадий Захаров 2022 жылы Шри-Ланкада демалуға барған. Ол жалға скутер алған, оны аралды асықпай аралап көруді қалайтын туристер таңдайды.

"Жалға алу - күніне 1 400 рупий (1 732 теңге - ескерт.). Менде А және В санаттары қазақстандық жүргізуші куәлігі бар, бірақ бұл жерде оны пайдалану үшін Шри-Ланка бойынша лицензия алу керек. Сіз өзіңіздің қонақүйіңізде немесе әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар арқылы мамандарды тауып, оларға құжаттардың сканерленген түрін, фотосуреттерін жібересіз, олар сіз үшін Коломбоға барып, бәрін реттейді және Шри-Ланка бойынша жүруге рұқсат алып береді. Бұл 40-50 доллар тұрады", - дейді ол.


@pixabay

Ұзақ сапарға шыққысы келсе, көлік жалға беріледі. Тук-туктар бір шақырымға орта есеппен 100-ден 300 рупийге дейін (200 – 400 теңге – Автордың ескертуі) алады. Егер сізге көп қозғалудың қажеті болмаса, бірақ айталық, кешке мейрамханаға бару қажет болса, бұл көлік керемет таңдау болары анық.

Тұрғын үй

Жергілікті экзотиканы сезіну үшін көптеген адамдар қонақүйлерде емес, үй немесе вилла жалдауды жөн көреді. Әлеуметтік желілерден сіз көптеген түрлерін таба аласыз. Бұл аралға ұзақ уақытқа келетіндер үшін тиімді болады.

"Біз Booking-тен қонақүйлер іздедік. Әрине, тікелей келісіп жалдаған тиімдірек, ол үшін аралда тұратын адамдарды табу қажет, әлеуметтік желілерде әртүрлі қауымдастықтар, Telegram-да чаттар бар. Сіз қожайындарымен тікелей келісіп, тұра берсеңіз болады. Көбісі осылай жасайды, олар қонақүйді бірнеше түнге брондап алып, келген соң бір айға вилла іздейді. Жалдау неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым тиімді болады. Жалдау құны тәулігіне 60 доллар (27 700 теңге – автордың ескертуі) және айына 400-500 доллар (181 000 – 226 000 теңге – шамамен.). Мынаны білу керек: бір айға брондасаңыз, баға үш есеге төмен болады", – дейді Геннадий Захаров.


@pixabay

Асханасы

Шри-Ланкада ең көп таралған тағам күріш пен карри болып табылады. Дәмдеуіштер қосылған әртүрлі қоспалар бір табаққа күрішпен немесе бөлек ыдыстарда ұсынылады. Олардың ішінде - ет және жергілікті теңіз өнімдері, самбол (ащы дәмдеуіштер), көкөністер мен нан бар.

Егер Шри-Ланка тағамдарының дәмін татқыңыз келсе, жергілікті тұрғындар баратын орындарды таңдаңыз, мұнда порциясы үлкен, әрі бағалары әлдеқайда төмен. Әдемі көрінісі және жоғары деңгейдегі сервисі бар қымбат мейрамханаларда кешкі асқа алкогольді ішімдікпен санағанда екі адамға арналған орташа есепшот 10 000 рупийге (8 000 теңге) жетуі мүмкін.


@pixabay

Сіз міндетті түрде омар, кальмар, акула мен асшаяндардың дәмін татып көрсеңіз болады. Олар әртүрлі соустармен ұсынылады. Әрдайым жаңадан дайындайды, әрі порциясы да үлкен. Зімбір сырасын ішіп көруге болады. Ол алкогольсіз.

Аралда жеміс-жидек арзан. Мангоның бір келісі 350 рупий тұрады (290 теңге – автордың ескертуі). Жол бойында жаңа піскен мангодан шырын дайындайтын адамдарды кездестіруге болады, олар шырынды қонақүйге қарағанда екі есе арзан сатады.

Тағы нені ескеру керек

Шри-Ланкаға демалысқа келгенде міндетті түрде ультракүлгін сәулелерден қорғайтын жақпамайын алып алыңыз, оны бұлтты күндерде де жаққан дұрыс. Аралда масалардан қорғайтын май сатып алу қажет. Аралдың ішіне бойлап кірген сайын ол сізге пайдалы болары анық.

Экскурсоводтар мен гидтер


@pixabay

"Экскурсиялар кез келген бұрышта сатылады. Олардың екі түрі бар. Біріншісі арзан, сіз тек тук-тукке төлейсіз, ол сізді белгілі бағыт бойынша алып кетеді. Екіншісі - авторлық. Адам баратын бағыттарды жоспарлап, сізді қонақүйден алып кетіп, жоспарланған жерге жеткізеді және сіз қажеттінің барлығын тамашалайсыз. Әрине, мұндай экскурсия қымбатырақ болады.

Аралдың орталығына дейін шамамен алты сағат кетеді, сіз осындай саяхат жоспарласаңыз, екі-үш күндік экскурсия алу қажет. Мұндай авторлық экскурсиялар екі адамға (төрт күнге) 600 - 800 доллар (257 274 - 343 033 теңге) тұрады", - дейді Геннадий Захаров.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.