Қазақстандық турист әуекомпаниядан 1 млн теңге өндіріп алған

pixabay.com

2-топтағы мүгедектігі бар әйел өз еркімен жүріп-тұра алмаған. Ол реабилитациядан өту үшін "Алматы-Бангкок" рейсі арқылы Таиландқа ұшқан. Дегенмен әуежайға жеткенде мүгедектер арбасын таппай қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2-топтағы мүгедектігі бар әйел өз еркімен жүріп-тұра алмаған. Ол реабилитациядан өту үшін "Алматы-Бангкок" рейсі арқылы Таиландқа ұшқан. Дегенмен әуежайға жеткенде мүгедектер арбасын таппай қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшаққа мінер кезде әуежай қызметкерлері оны мүгедек арбасын багажға өткізуге міндеттеген. Таиландқа қонған кезінде арбаны қайтаруға уәде еткен. Діттеген жеріне жеткен әйел арбасын таппай қалған. Салдарынан өз еркімен жүріп-тұра алмайтын турист қонақүй бөлмесінен де шыға алмаған. Әуекомпания мүгедек арбасын тауып беруге немесе құнын өтеп беруге тырыспаған. Салдарынан әйел әскери госпитальден басқа арба сатып алуға мәжбүр болған.

Кейін мүгедек әйел әуекомпанияның үстінен сотқа арыз түсіріп, моральдық және материалдық шығынды өтеп беруін талап етті. Бірінші инстанциядағы сот әйелдің шағымын қанағаттандырды. Әуекомпаниядан 1 млн теңге моральдық шығын өтелді. Алайда мүгедек арбасы түріндегі материалдық шығынды өтеуден бас тартылды, - делінген сот хабарламасында.

Реклама
Реклама

Әуекомпания сот шешіміне кері шағым түсірді. Алайда қалалық сот істі қарастыра отырып, әуекомпания қабылданған жүкті кері тапсырғанынша оған жауапты екенін атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная