Қазақстандық Шығыс Қазақстан облысының сиқырлы табиғатын көрсетті

Әлеуметтік желіде видеографтың Шығыс Қазақстан облысының табиғатын түсірген видеосы көпшіліктің назарын аудартты. Керемет сұлулығымен баурап алатын кадрларды қайта-қайта тамашалағың келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстандық видеограф Instagram-парақшасында видео жариялап, ол танымалдыққа ие болды. Автор әдемі сәтті жеткізе білген: жайылып жүрген жылқылар, тұман, таулар мен ормандар, бұраланған жолдар.

Реклама
Реклама

Видео астында пікірлер көп, пайдаланушылар мұндай видеолардан кейін бар жұмысты тастап, елге саяхатқа шыққысы келетінін айтады.

"Біздің Қазақстан керемет", "Қандай әдемі", "Сұлулық", "Енді саяхаттағым келіп отыр", - деп жазады қолданушылар.

Видео авторы бұл кадрларды былтыр Шығыс Қазақстан облысында түсіргенін айтты. Алайда ол видеоны жақында ғана жариялауды ұйғарған.

"Мен өзім үшін түсіремін, демеушілерді тартпаймын. Бейнебаян былтыр Шығыс Қазақстан облысы, Алтайда түсірілген болатын. Еліміздің табиғатының сұлулығын еске түсіру үшін видеоны жариялауды жөн көрдім", - дейді аты-жөнін жасырғысы келген қазақстандық.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!